Ілмекпен тоқу

Ілмекпен тоқу[1] - ілмектің көмегімен бұйым жасау барысы. Тоқыма тоқудың бір түрі.

Ілмекпен тоқылған бұйым

Керекті құрал-жабдықтар

Ілмектер

Тоқу барсына ілмектің болаттан, пластмассадан және ағаштан жасалынған түрлерін және олардың жіптің жуан-жіңішкелігіне сәйкес түрлі нөмерлері пайдаланылады. Ілмекпен тоқу үшін кез келген жіпті пайдалануға болады: жүннен, мақтадан иірілген, жібек жіптер, синтетикалық және аралас жіптер. Әдетте үстіге киетін киімдерді бостау иірген, ал дастарқан, салфетка, сумка сияқты заттарды ширақ иірілген жіппен тоқиды. Бөлшектерінің сыртқы пішіні үлгі мен есепке сәйкес шалуды (петель) қосу, яки қысқарту, сирек те жиі тоқу (ілмек пен жіптің диаметріне қарай) арқылы жасалады.

Ілмекпен тоқудағы негізгі шалулар

Негізгі шалулар: Тізбек. Қысқа шалу. Жай шалу. Нық шалу. Бос жіп қосылған шалу.
  • Тізбек (цепочка) бірнеше үлпілдек шалудан жасалған тізбектер алғашқы қатар (немесе тоқылуға тиіс бар бұйымның бастапқы негізі) болып саналады. Ілмектің ұшына бір шалу жасайды да, жіпті ілмекке орап, алғашқы шалудың ортасынан өткізіп алады. Осылайша қайталана береді.
  • Қысқа шалу (полустолбик). Ілмекті тізбектегі 3-шалудың алдынан артына қарай өткізеді. Содан соң ілмекке жіпті орап, оны ілмектегі екі шалудан өткізіп алады. Жай шалу (столбик без накида). Ілмекті тізбектет 3-шалудың алдынан кері қарай өткізеді. Ілмекке жіпті орап, шалып алады, сонан соң жіпті тағы орап, оны ілмектегі екі шалудан өткізіп алады.
  • Нық шалу (прочный столбик). Ілмектің сабына жіпті орап алып, ілмекті тізбектің 3-шалуына алдынан артына қарай өткізеді. Ілмекке жіпті орап шалып алады да, жіпті тағы да орап, енді оны ілмектегі үш шалудан өткізіп алады.
  • Бос жіп қосылған шалу (столбик с накидами). Бағананың (шалудың) биіктігін көтеру үшін оны бір не бірнеше бос жіп қосып тоқу керек. Ілмекке жіпті орап, бұрынғы қатардағы не тізбектегі 4-шалудан өткізеді де, оған қайта жіп орап, 1 шалуды тартып шығарады, жіпті қайта орап, оны ілмектегі шалу мен бос жіптен (2 шалу) өткізеді, жіпті тағы орап, оны да ілмектегі соңғы 2 шалудан өткізіп алады. 2 не 3, одан да көп бос жіп қосылған бағана жасау үшін соған сәйкес ілмекке 2 не 3 бос жіп қосып шалу жасап отыру қажет, содан соң біртіндеп ілмекте 1 жіп қалғанша 2 жіптен қосып тоқи береді, ол үшін ілмекті соған сәйкес 5-, 6-, 7- т. б. шалулардан өткізіп отырады. Ал ілмектің ұшында әрқашан бір шалу қалып отыру керек [2].
  • Бос жіп қосылған рельефті оң шалу (рельефный лицевой столбик с накидом). Ілмектің сабына жіпті орап, ілмекті бұрынғы қатардағы шалудың түбін орай алдыңғы жағынан өткізеді де, бір шалуды тартып шығарады. Одан соң жіпті тағы орап, оны ілмектегі шалу мен бос жіптен өткізеді, жіпті тағы орап, оны ілмекте қалған 2 соңғы шалудан өткізеді.
  • Бос жіп қосылған рельефті теріс шалу (рельефный изнаночный столбик с накидом). Ілмектің сабына жіпті орап, ілмекті бұрынғы қатардағы шалудың түбіне орай сыртқы жағынан өткізіп, 1 шалуды теріс жағынан тартып шығарады, шалу мен бос жіптен өткізеді, жіпті тағы орап, оны ілмекте қалған 2 соңғы шалудан өткізеді.
  • Тоқыманы тарылту және кеңейту.
    • тоқыманы тарылту - тоқыманың ортасынан не екі шетінен шалулар мен үлпілдек шалуларды қысқарту арқылы орындалады;
    • кеңейту үшін қатарға жаңа шалулар мен үлпілдек шалулар қосылады.
  • Түймеге арналған ілгек.
    • Көлденең ілгек - кезекті бірнеше шалуды (түйменің көлеміне қарай) қалдырып кетіп, оның үстіне бірнеше үлпілдек шалу жасайды. Келесі қатарда сол үлпілдек шалудың үстінен жаңа шалулар жасап, тоқуды жалғастыра береді.
    • Тігінен келетін ілгек - сол ілгек болатын жерге дейін тоқып, кері қайтады. Сөйтіп 3-5 қатар әрлі-берлі тоқиды (түйменің көлеміне байланысты). Содан соң басқа шумақ жіптен жаңағы ілгек қалатын жердің келесі жағынан да жоғарыдағыдай 3-5 қатар тоқиды. Әрі қарай бәрін қайта қосып, тоқуды жалғастырады.

Шартты белгілері

Шартты белгілері

Тоқу үлгілері

  • Айшықты өрнек
  • Квадрат
  • Шашақты айшықтар
  • "Пико" айшығы
  • "Шаян ілмек"
  • Алты қырлы өрнек
  • Шілтер салған жиек (прошва - крой)
  • Өңдейтін жолақтар - сегіздіктер (отделенная полоска - "восьмерка").
  • "Тоғыз жайылма" өрнек
  • Кестелі өрнек (филейный узор)
  • Қиғаш тоқу
  • Перделерге арналған өрнек
  • Гипюрлі өрнек

Дереккөздер

🔥 Top keywords: Мәңгілік бала бейнеАбай ҚұнанбайұлыТабиғи ресурстарды ұтымды пайдалануШоқан Шыңғысұлы УәлихановТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыҚазақстанБауыржан МомышұлыҚазақстан географиясыҒылыми-техникалық революцияСемей полигоныБасты бетҚазақстанның экологиялық проблемаларыҰлы Жібек жолыБактерияларЭкологиялық жүйеҚазақстанның сыртқы саясатыҚазақстандағы туризмБіріккен Ұлттар ҰйымыЖалпы Ұлттық ӨнімШанхай Ынтымақтастық ҰйымыДүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыруПопуляцияШәкәрім ҚұдайбердіұлыМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміҚожа Ахмет Ясауи кесенесіЖалпы ішкі өнімБесеудің хатыЕкінші дүниежүзілік соғысСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыҚазақстанның географиялық орны мен шекараларыДамушы елдерХалықаралық ұйымдарЫбырай АлтынсаринЭкологиялық проблемаАрнайы:ІздеуБайқоңыр (ғарыш айлағы)Қаныш Имантайұлы СәтбаевВирустарТуризм