Абылай Уәлибақыұлы

(Абылай сұлтан бетінен бағытталды)

Абылай Уәлибақыулы , қанішер Абылай (т. - ө.ж.б.) - 17 ғасырдыңдың басында Сауран мен Түркістанды билеген қазақ сұлтаны, батыр. Үргеніш өңірінде туған. Абылай (Әбілмансұр) ханның туған атасы, Жәдік әулетінен. «Батырлығымен, батылдығымен аты шығып, сол үшін де қанішер деген қаһарлы да құрметті атаққа ие болған кісі» (Ш.Уәлиханов). Абылай Уәлибақыұлы кейбір деректерге қарағанда, Кіші жүз бен Орта жүздегі қазақ руларының бір бөлігіне билік жүргізген. Ресей империясы қазақ хандығындағы саяси жағдайға барлау жасау мақсатымен және экономикалық байланыстар орнатуды көздеп, 1616 ж. Тобылдың дуан басы И.С.Куракинге Абылай Уәлибақыұлымен келіссөз жүргізуді тапсырды. Абылай Уәлибақыұлыға Сібірдегі орыс қамалдарына шабуыл жасаған қалмақтарға қарсы соғыс одағын кұру, оның есесіне қазақтарға Сібір қалаларындағы сауда-саттыққа емін-еркін қатысуға рұқсат берілетіндігі ұсынылады. Бірақ Ресей екінші жағынан қалмақтармен де астыртын келіссөздер жүргізіп, қазақтар жөнінде арандатушылық саясат ұстанды. Осы себепті және Бұхар ханы Имамкулидің 1612 ж. Түркістанга жасаған тонаушылық жорығы нәтижесінде Абылай Уәлибақыұлы мен орыстар арасындаты бұл кездегі қарым- қатынас нәтижелі болмаған. Абылай Уәлибақыұлы әкесі Уәлибақы, атасы Жәңгір хан, баласы Көркем Уәли сияқты қан майданда қаза тапты.[1]

Дереккөздер

🔥 Top keywords: Мәңгілік бала бейнеАбай ҚұнанбайұлыТабиғи ресурстарды ұтымды пайдалануШоқан Шыңғысұлы УәлихановТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыҚазақстанБауыржан МомышұлыҚазақстан географиясыҒылыми-техникалық революцияСемей полигоныБасты бетҚазақстанның экологиялық проблемаларыҰлы Жібек жолыБактерияларЭкологиялық жүйеҚазақстанның сыртқы саясатыҚазақстандағы туризмБіріккен Ұлттар ҰйымыЖалпы Ұлттық ӨнімШанхай Ынтымақтастық ҰйымыДүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыруПопуляцияШәкәрім ҚұдайбердіұлыМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміҚожа Ахмет Ясауи кесенесіЖалпы ішкі өнімБесеудің хатыЕкінші дүниежүзілік соғысСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыҚазақстанның географиялық орны мен шекараларыДамушы елдерХалықаралық ұйымдарЫбырай АлтынсаринЭкологиялық проблемаАрнайы:ІздеуБайқоңыр (ғарыш айлағы)Қаныш Имантайұлы СәтбаевВирустарТуризм