Автомотриса

Автомотриса (фр. аutomotrice, көне грекше: αὐτός «өзі» және лат. mōtrīx «жылжытушы») — іштен жану қозғалтқышы арқылы өздігінен жүретін автовагон. Шағын қашықтықтағы темір жол линияларында жолаушылар тасымалдауға арналған.

Қозғалтқыш қуаты автомотрисаның жетекші доңғалақтарына электр генераторы мен электр қозғалтқышы арқылы беріледі. Кейбір автомотрисада механикалық, не гидромеханикалық берілістер де қолданылады. Бұл жағдайда қуат гидравликалық қондырғылар мен жылдамдық қорабының көмегімен беріледі.

Техникалық мінездеме

Автомотриса 2 және 4 осьті болып келеді,
орын саны 50-70,
жылдамдығы - 50-70 км/сағ
қозғалтқышының қуаты - 100-180 а.қ.
Бір секциялы 'Автомотриса 1-2 вагоннан тұрады.
Бір-біріне жалғастырылған бірнеше секциялы Автомотриса поезд деп аталады. Ол бір жерден басқарылады. Поезд кұш қондырғысының қуаты -600-1600 а.қ., жылдамдығы120-140 км/сағ.

Дереккөздер

  • “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
🔥 Top keywords: Мәңгілік бала бейнеАбай ҚұнанбайұлыТабиғи ресурстарды ұтымды пайдалануШоқан Шыңғысұлы УәлихановТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыҚазақстанБауыржан МомышұлыҚазақстан географиясыҒылыми-техникалық революцияСемей полигоныБасты бетҚазақстанның экологиялық проблемаларыҰлы Жібек жолыБактерияларЭкологиялық жүйеҚазақстанның сыртқы саясатыҚазақстандағы туризмБіріккен Ұлттар ҰйымыЖалпы Ұлттық ӨнімШанхай Ынтымақтастық ҰйымыДүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыруПопуляцияШәкәрім ҚұдайбердіұлыМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміҚожа Ахмет Ясауи кесенесіЖалпы ішкі өнімБесеудің хатыЕкінші дүниежүзілік соғысСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыҚазақстанның географиялық орны мен шекараларыДамушы елдерХалықаралық ұйымдарЫбырай АлтынсаринЭкологиялық проблемаАрнайы:ІздеуБайқоңыр (ғарыш айлағы)Қаныш Имантайұлы СәтбаевВирустарТуризм