Албан Еңбек партиясы

АЛБАН ЕҢБЕК ПАРТИЯСЫ (АЕП; 1948 ж. ноябрьге дейін А л б а н и я Коммунистікпартиясы;

АКП) 1941 ж. 8 ноябрьде Тиранада құрылды. Ол кезде Албанияны италь-ян фашистері басып алған еді. АКП албан халқының бостандық, тәуелсіз-дік жолындағы күресіне басшылық етті. АКП басшылығымен 1942 ж. сен-тябрьде ұлт-азаттық майданы құрыл-ды (1945 ж. Демокр. майдан деп атал-ды). 1943 ж. июльде партизан отряд-тары негізінде ұлт-азаттық армиясы жасақталды. АКП басқарған халық қозғалысының нәтижесінде және Сов. Қарулы Күштерінің жәрдемімен 1944 ж. ел толық азат етілді. АКП басшылығы, КСРО-ның туысқандық кө-мегі арқасында халық ш-ы қалпына келтірілді, әлеуметтік-экономик. ша-ралар жүзеге асырылды. Партияны нығайтуда АКП 1-съезінің (1948 ж. нояб.) маңызы зор болды. Съезд пар-тияның құрылған кезден бергі жұмы-сын қорытып, 1949—50 ж. елді эконо-мик. және мәденн жағынан дамыту жоспарын бекітті, партиялық-ұйым-дастыру, бұқаралық-саяси жұмыстың әдісін өзгерту міндетін алға қойды, партияның Уставын қабылдады, АКП-ні Албан Еңбек партиясы (АЕП) деп атау туралы қаулы алды.

АЕП делегациясы коммупистік жә-не жұмысшы партиялары өкілдерінің 1957, 60 ж. Москвада болған Кеңесте-ріне қатысып, олардың документтері-не қол қойды. Кейінгі жылдары АЕП басшылары маркстік-лениндік жолдан ауытқып, ұлтшылдыққа бой ұрды, өз-дерінің интернаңионалдық борышта-рын орындаудан бас тартты, халық-ар. коммунистік және жұмысшы қоз-ғалысына опасыздық жасап, жікшіл-дік жолына түсті.

АЕП жоғарғы органы — съезд; ол Орталық Комитетті, Орталық бақылау және Тексеру комиссияларын сайлай-ды, ал ОК Саяси бюро мен Секрета-рпатты сайлайды. 1966 жылғы мәлі-мет бойынша АЕП қатарында 66 327 мүше мен кандидат бар. АЕП ОК бі-рінші секретары — Э. Ходжа.

[1]

Дереккөздер


🔥 Top keywords: Мәңгілік бала бейнеАбай ҚұнанбайұлыТабиғи ресурстарды ұтымды пайдалануШоқан Шыңғысұлы УәлихановТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыҚазақстанБауыржан МомышұлыҚазақстан географиясыҒылыми-техникалық революцияСемей полигоныБасты бетҚазақстанның экологиялық проблемаларыҰлы Жібек жолыБактерияларЭкологиялық жүйеҚазақстанның сыртқы саясатыҚазақстандағы туризмБіріккен Ұлттар ҰйымыЖалпы Ұлттық ӨнімШанхай Ынтымақтастық ҰйымыДүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыруПопуляцияШәкәрім ҚұдайбердіұлыМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміҚожа Ахмет Ясауи кесенесіЖалпы ішкі өнімБесеудің хатыЕкінші дүниежүзілік соғысСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыҚазақстанның географиялық орны мен шекараларыДамушы елдерХалықаралық ұйымдарЫбырай АлтынсаринЭкологиялық проблемаАрнайы:ІздеуБайқоңыр (ғарыш айлағы)Қаныш Имантайұлы СәтбаевВирустарТуризм