Алексеев каолин кен орны

Алексеев каолин кен орны - Ақмола облысы Ақкөл қаласы жанындағы ірі кен орны.

Алексеев каолин кен орны
52°02′56″ с. е. 70°58′28″ ш. б. / 52.0489012° с. е. 70.9744263° ш. б. / 52.0489012; 70.9744263 (G) (O) (Я) 70°58′28″ ш. б. / 52.0489012° с. е. 70.9744263° ш. б. / 52.0489012; 70.9744263 (G) (O) (Я) (T)
Ел Қазақстан
АймақАқмола облысы
Ашылған уақыты1982 жыл
Алексеев каолин кен орны (Қазақстан)
Алексеев каолин кен орны
Алексеев каолин кен орны (Ақмола облысы)
Алексеев каолин кен орны

Геологиялық құрылымы

Ол Қырыққұдық (жоғарғы ордовик – төменгі силур) және Бурабай – төменгі девон интрузивтері түйіскен жердегі мезозойлық үгілу қыртысынан орын алған. Кварцты диориттер, граниттер мен сазды тақтатастардың үгілуінен пайда болған бастапқы каолин қабатының қалыңдығы бірнеше см-ден 77 м-ге, ал ауданы 123 км2-ге дейін жетеді. 3 телімде каолин кенінің 9 линзасы бар.

Жатыс сипаты

Каолиннің түсі ақ, отқа төзімділігі 1740°С. Құрғақ, ылғалды күйінде байытуға болады. Концентрат шығымы 46,3 – 86,7%. Байытылмаған каолиннен отқа төзімді бұйымдар, ақ және түсті цемент алуға болады. Байытылған каолин нәзік керамика, санитарлық-техникалық, фаянс бұйымдарын, құрылыс плиталарын, жоғары сортты қағаз, кабель, резина, т.б. материалдар жасауға жарамды. Жылына 1 млн. т-дан аса каолин өндіретін карьер бар. Ол Астана, Қарағанды керамика зауыттарын, Павлодардың 2 целюлоза-қағаз және Төменгі Тагилдің (Ресей) металлургия комбинаттарын шикізатпен қамтамасыз етеді. [1]

Дереккөздер

🔥 Top keywords: Мәңгілік бала бейнеАбай ҚұнанбайұлыТабиғи ресурстарды ұтымды пайдалануШоқан Шыңғысұлы УәлихановТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыҚазақстанБауыржан МомышұлыҚазақстан географиясыҒылыми-техникалық революцияСемей полигоныБасты бетҚазақстанның экологиялық проблемаларыҰлы Жібек жолыБактерияларЭкологиялық жүйеҚазақстанның сыртқы саясатыҚазақстандағы туризмБіріккен Ұлттар ҰйымыЖалпы Ұлттық ӨнімШанхай Ынтымақтастық ҰйымыДүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыруПопуляцияШәкәрім ҚұдайбердіұлыМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміҚожа Ахмет Ясауи кесенесіЖалпы ішкі өнімБесеудің хатыЕкінші дүниежүзілік соғысСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыҚазақстанның географиялық орны мен шекараларыДамушы елдерХалықаралық ұйымдарЫбырай АлтынсаринЭкологиялық проблемаАрнайы:ІздеуБайқоңыр (ғарыш айлағы)Қаныш Имантайұлы СәтбаевВирустарТуризм