Алтай аймағы

 Басқа мағыналар үшін Алтай деген бетті қараңыз.

Алтай аймағы (ұйғ. ئالتاي ۋىلايىتى, қыт. 阿勒泰) — Қытай Халық Республикасы Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданының Іле Қазақ автономиялық облысына қарасты әкімшілік аймақ. Батысында Шығыс Қазақстан облысымен, солтүстігінде Ресейдің Алтай Республикасымен (Ресеймен 2-реткі шекараласуы (52 км)), солтүстік-батыс және батысында Моңғолияның Баян-Өлгей (450 км.) Қобда аймақтарымен шектеседі. Жер көлемі 117,8 км², халқы (әскери өндіріс құрылыс корпусын есепке алмағанда) 561,667 (2003 жылғы санақ бойынша) халық тығыздығы шаршы шақырымға 5 адамнан келеді. 8 ұлттың өкілі тұрады. Соның ішінде қазақтар 50,5 %. Орталығы — Алтай қаласы. Әкімшілік жағынан 6 ауданға (Шіңгіл, Көктоғай, Бурылтоғай, Буыршын, Қаба, Жеменей), 1 қалаға (Алтай қаласы) бөлінеді.

Аймақ
Алтай аймағы
ұйғ. ئالتاي ۋىلايىتى
қыт. 阿勒泰
Әкімшілігі
Кіреді

Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданы, Іле Қазақ автономиялық облысы

Енеді

6 аудан және 1 қалалық аудан

Әкімшілік орталығы

Алтай қаласы

Әкімі

Айтжанұлы Сабыр

Тарихы мен географиясы
Координаттары

47°50′ с. е. 88°08′ ш. б. / 47.833° с. е. 88.133° ш. б. / 47.833; 88.133 (G) (O) (Я) 88°08′ ш. б. / 47.833° с. е. 88.133° ш. б. / 47.833; 88.133 (G) (O) (Я)

Жер аумағы

117.699,01 км²

Уақыт белдеуі

UTC+8

Ірі қаласы

Бейтун

Тұрғындары
Тұрғыны

645.057 адам (2007)

Тығыздығы

5 адам/км²

Телефон коды

0906

Пошта индекстері

836500[1]

Алтай аймағының басқармасы

Алтай аймағы картада

88°08′ ш. б. / 47.833° с. е. 88.133° ш. б. / 47.833; 88.133 (G) (O) (Я)
Буыршын ауданында орналасқан Қанас көлі
Буыршын ауданындағы Қара Ертіс өзенінің жағасы
Алтай табиғаты (Қомқанас)

Географиясы

Алтай аймағы жерінің көпшілігі Алтай тау жүйесінде және тау етегінде орналасқан. Алтай аймағында Алтай тауларынан Қара ертіс өзені және оның салалары Қанас өзені, Бұлғын өзендері баcтау алады. Алтай аймағының жер бедері таулы келеді. Орман тоғайы мол (1,5 млн га). Климаты қатаң континентті. Табиғаты көркем, жер асты кен байлықтарына бай. Онда мұнай, көмір, темір, алтын, күміс, марганец, қорғасын, қалайы, фосфор, күкірт тұзы бар.

Тарихы

Алтай аймағы ертеде найман, керей, қаңлы, үйсін, тағы басқа түркі тектес тайпалардың мекені болған. 8—9 ғасырда Енисей қырғыздары, 12—13 ғасырда наймандар, 14 ғасырда Әмір Темір, 16—18 ғасырда моңғолдар (ойраттар), 18 ғасырдың II жартысында керейлер билік құрды. 1758 жылдан бергі Қытайдың Манжұр империясының бұл өлкені өз қоластына қаратпақ болған ниеті 1864 жылы Қытай мен Ресей арасындағы шекара келісімінен соң жүзеге асты. 1904 жылы Моңғолия арқылы Бейжіңге тікелей қарайтын болды. 1911 жылы Цинхай революциясынан кейін Қытай отаршыларының қолына көшті. 1919 жылы Алтай аймағы Шыңжаң өлкесіне қосылды. 1912—1928 жылдары Яң Зыңшин, 1928—1933 жылдары Жин Шурын, 1933—1944 жылдары Шэн Ши Сай басқарған өлкелік Қытай үкіметінің езгісінде болды. 1940 жылы Алтай аймағында қазақ шаруаларының Қытай үстемдігіне қарсы ұлт-азаттық көтерілісі болды. Бұл көтерілістің нәтижесінде Алтай аймағы Шығыс Түркістан Республикасының (1944-1949) құрамына кірді (1945 қыркүйек), 1949 жылы Шығыс Түркістан Республикасы құлағаннан кейін Шыңжаң өлкелік үкіметіне қарады. 1954 жылы Қытай Халық Республикасындағы қазақтар тығыз орналасқан Іле, Алтай, Тарбағатай аймақтарының негізінде Іле Қазақ автономиялық облысы құрылды. Халқы негізінен мал шаруашылығымен айналысады. Алтай аймағында Ақыт қажы Үлімжіұлы, Оспан батыр Сіләмұлы, Шәріпхан Жеңісханұлы, Дәлелхан Сүгірбайұлы сынды қазақ халқының көрнекті өкілдері туып өскен.[2][3][4][5]

Халқы

2000 жылғы халық санағы бойынша, округте 561,7 мың адам тұрады. Қытайдың Батыс бөлікті қауырт игеру стратегиясына байланысты жергілікті халық қазақ халқынан қытай ұлт өкілдерінің саны уақыт озған сайын басым түсуде. Яғни қазақтар азшылықты құрауда.

Ұлтық құрамы (2000)

ҰлтСаныҮлесі
Қазақтар288 61251,38 %
Қытайлар229 89440,93 %
Хуэйцзулар22 1663,95 %
Ұйғырлар10 0681,79 %

Әкімшілік-аумақтық бөлінісі

Алтай аймағы 1 қалалық ауданға, 6 ауданға бөлінеді:

#СтатусыАтауықытайшаПиньиньұйғыршаұйғырша
(латын)
Халқы
(2003
шамамен.)
Ауданы
(км²)
Халық
тығыздығы
(/км²)
1Қалалық ауданАлтай қаласы阿勒泰市Ālètài Shìئالتاي شەھىرىAltay Shehiri230,00010,85221
2АуданБуыршын布尔津县Bù'ěrjīn Xiànبۇرچىن ناھىيىسىBurchin Nahiyisi70,00010,3697
3АуданКөктоғай
(Фуюнь)
富蕴县Fùyùn Xiànكوكتوقاي ناھىيىسىKoktokay Nahiyisi90,00032,3273
4АуданБурылтоғай
(Фухай)
福海县Fúhǎi Xiànبۇرۇلتوقاي ناھىيىسىBurultoqay Nahiyisi70,00033,3192
5АуданҚаба
(Хабахэ)
哈巴河县Hābāhé Xiànقابا ناھىيىسىQaba Nahiyisi80,0008,18610
6АуданШіңгіл
(Цинхэ)
青河县Qīnghé Xiànچىڭگىل ناھىيىسىChinggil Nahiyisi60,00015,7904
7АуданЖеменей吉木乃县Jímùnǎi Xiànجېمىنەي ناھىيىسىJéminey Nahiyisi40,0007,1456
Алтай пейзажы

Басшылары

Хатшылары

  • 张岩

Уәлилері

  1. Арыстан Ғалымұлы
  2. Мәукен Сейітқамзаұлы 毛肯·赛衣提哈木扎 2003 - 2007
  3. Талғат Үсен? 塔里哈提·吾逊 2012? — 1 April 2017
  4. Айтжанұлы Сабыр
  5. Қадан Кабен 哈丹·卡宾 April 01, 2017 — April 2021 Керей, Абақ, Жәнтекей
  6. Жүніс Қадысұлы Керей, Абақ, Шеруші

Дереккөздер

Тағы қараңыз