Альменда

Альменда (нем. Allmende, al(ge)meinde немісше - "бәрінің меншігі"– орта ғасырдағы Батыс Еуропа елдерінде қауым мүшелерінің жалпы пайдалануында болған жерлер (жайылым, шабындық, орман-тоғай, бос жатқан жер т.б.). Альмендаға жыртылған жерлер енбейді. Олар феодалдардың меншігінде болды.

Орта ғасырғы Англияның жеріндегі альменда. Картаның солтүстік-шығыс бөлігінде қауым мүшелерінің «ортақ» жалпы пайдалануындағы жерлер жасылмен белгіленген

Товарлы-ақшалы қатынастарының дамуына байланысты Альменда көлемі барған сайын азайып, құрыды. Тек кейбір елдерде (Германия, Швейцария, Скандинавия т.б.) Альменданың қалдықтары жаңа дәуірде де сақталды.

Қазіргі заманда Альменда ешбір жерде жоқ.

Дереккөздер

  • “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
  • Альменда // Энциклопедический словарь Брокгауза и Ефрона: В 86 томах (82 т. и 4 доп.). — СПб., 1890—1907
🔥 Top keywords: Мәңгілік бала бейнеАбай ҚұнанбайұлыТабиғи ресурстарды ұтымды пайдалануШоқан Шыңғысұлы УәлихановТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыҚазақстанБауыржан МомышұлыҚазақстан географиясыҒылыми-техникалық революцияСемей полигоныБасты бетҚазақстанның экологиялық проблемаларыҰлы Жібек жолыБактерияларЭкологиялық жүйеҚазақстанның сыртқы саясатыҚазақстандағы туризмБіріккен Ұлттар ҰйымыЖалпы Ұлттық ӨнімШанхай Ынтымақтастық ҰйымыДүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыруПопуляцияШәкәрім ҚұдайбердіұлыМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміҚожа Ахмет Ясауи кесенесіЖалпы ішкі өнімБесеудің хатыЕкінші дүниежүзілік соғысСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыҚазақстанның географиялық орны мен шекараларыДамушы елдерХалықаралық ұйымдарЫбырай АлтынсаринЭкологиялық проблемаАрнайы:ІздеуБайқоңыр (ғарыш айлағы)Қаныш Имантайұлы СәтбаевВирустарТуризм