Амброксол

Амброксол - қақырық түсіретін, муколитикалық дәрі.

Амброксол

Саудалық атауы

Амбро, Амбро-Хемофарм, Амбробене®, Амбролан®, Амбролия, Амбропульмор, Амбросан®, Амброштад®, Бронолак, Бронхорус, Лазолван, Медовент, Медокс, Мукорал, Мукоформ, Секразол®, Солфран, Фиброн, Флавамед®, Халиксол®.

Халықаралық патенттелмеген атауы - Амброксол (Ambroxol)

Дәрінің түрі

Таблеткалар (30 мг), шәрбаттар (30 мг/5мл, 15 мг/5 мл).

Құрамы

Дәрінің құрамында әсер етуші зат - амброксол гидрохлоридінің.

Фармакотерапевтикалық тобы

Жөтелгенде, суықтағанда пайдаланатын препараттар. Муколитиктер АТЖ коды R05CB06

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Амброксолды ішу арқылы қолданғаннан кейін іс жүзінде асқазан-ішек жолынан толығымен сіңіріледі. Әдетте әсері 30 минуттан кейін басталады және 6-12 сағат ішінде созылады.

Фармакодинамикасы

Негізгі екі: қақырық секрециясын арттыратын және сұйылтатын (секретолитикалық), сондай-ақ – қакырық бөлінуін күшейтетін (қақырық түсіргіш) әсері бар муколитикалық препарат.

Қолданылуы

Препарат қақырықтың бөлінуі мен түсуі бұзылатын тыныс мүшелерінің жедел және созылмалы ауруларында секретолитикалық терапия мақсатында қолданылады, бұл аурулар:

  • жедел және созылмалы бронхиттер, пневмония;
  • қақырықтың қатуы қиындаған бронхтық демікпе;
  • бронхоэктатикалық ауру;
  • оториноларингологиялық (ЛОР) – мүшелердің қабынулары (ларингит, синусит, құрғақ ринит);
  • муковисцидоз;
  • үлкен операциялық араласулардан, жарақаттардан және т.б. кейін бронхөкпе жүйесіндегі іркілісті құбылыстардың алдын алу.

Қолдану тәсілдері және дозасы

Емдеу ұзақтығы аурудың өту ерекшеліктеріне байланысты. Препаратты дәрігердің тағайындауынсыз 4-5 күннен асырып қолдану ұсынылмайды. Препаратты қабылдау өткізіліп алынған жағдайда мөлшерді екі еселемеу керек.

Жағымсыз әсері

Препаратты әдетте жақсы көтеруге болады.

  • кейде - гастралгиялар, жүрек айнуы, құсу, іш өту, ауыздың құрғауы, ринорея қадағалануы мүмкін;
  • сирек - аллергиялық реакциялар (тері көріністері, тыныс бұзылуы, қалтыратуы бар температуралық реакция) қадағалануы ықтимал.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • амброксолға және/немесе препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық;
  • асқазан мен ұлтабардың асқыну сатысындағы ойық жара ауруы;
  • жүктіліктің I триместрі

Дәрілермен әрекеттесуі

Амброксолды жөтелдің азаюы кезінде қақырықтың кеңірдекшелерден бөлінуінің қиындауына байланысты, жөтелге карсы белсенділігі бар дәрілік заттармен (мысалы, құрамында кодеин бар) бір мезгілде қолдану ұсынылмайды. Амброксолдың антибиотиктермен (амоксициллин, цефуроксим, эритромицин, доксициклин және басқалары) бірге қолдану антибиотиктердің өкпе жолдарына түсуін жақсартады, бұл емдеу курсының қысқаруын тудырады.

Айрықша нұсқаулар

Секреттің үлкен мөлшерінің бөлінуі кезінде бауыр немесе бүйрек функциясының, кеңірдекшелердің моторлық дисфункциясының бұзылуларында (шырыштардың жинақталу қаупіне байланысты) сақтықпен тағайындалады. Бауыр мен бүйрек қызметінің ауыр бұзылуларында мөлшерлеуді азайту немесе қабылдаулар арасындағы аралықтарды ұлғайту қажет.

Жүктілік және лактация

Жүктіліктің I триместрінде ұсынылмайды. Жүктіліктің II және III триместрінде, егер терапиядан күтілетін тиімділік ұрық үшін ықтимал қауіптен артса, қолдануға болады. Қолдану алдында бала емізуді тоқтату ұсынылады.

Артық мөлшерлеу

Қазіргі уақытқа дейін препаратпен улану жағдайлары анықталмаған. Артық мөлшерлеу жағдайында симптоматикалық терапия қажет.

Сактау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, +2 °С-дан + 30 °С-ға дейінгі температурада.Балалар қол жеткізе алмайтын жерде сақтау керек.

Жарамдылық мерзімі

3-5 жылдары. Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты қолданбау керек.

Босату шарттары

Рецептісіз.