Антоциандар

Антоциандар (гр. ἄνθος- гүл, гр. κυανός- көк ) - көптеген өсімдік жасушаларының шырынында жиналатын еріген бояулы зат, пигменттер тобына жатады. Антоциандардың түсі қызыл, көк, күлгін, сары. Гүлдер мен жемістер түсі осы Антоциандар болуына байланысты. Ерітіндінің қышқыл немесе сілтілік қасиетіне байланысты Антоциандар түсі өзгеріп тұрады. Қышқыл ортада Антоциандар қызыл түске бояса, сілтіде түсі көгереді.

Химиялық құрамы

Антоциандардың жалпы формуласы

Антоциандардың химиялық құрамын алғашқы рет 1913 ж. неміс биохимик Рихард Мартин Вильштеттер анықтаған. Алғашқы рет 1928 ж. ағылшын химик Р. Робинсон жасаған.

Химиялық құрамы жағынан флавиндер және катехиндерге жақын.

АнтоциандарR1R2R3R4R5R6R7
Аурантинидин-H-OH-H-OH-OH-OH-OH
Цианидин-OH-OH-H-OH-OH-H-OH
Дельфинидин-OH-OH-OH-OH-OH-H-OH
Европинидин-OCH3-OH-OH-OH-OCH3-H-OH
Лютеолинидин-OH-OH-H-H-OH-H-OH
Пеларгонидин-H-OH-H-OH-OH-H-OH
Мальвидин-OCH3-OH-OCH3-OH-OH-H-OH
Пеонидин-OCH3-OH-H-OH-OH-H-OH
Петунидин-OH-OH-OCH3-OH-OH-H-OH
Розинидин-OCH3-OH-H-OH-OH-H-OCH3

Дереккөздер

  • “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998