Аппалач тау жүйесі

Үлгі:Geobox image

Аппалач тау жүйесі Солтүстік Американың оңт.-шығысында 2600 км-ге созыла орналасқан таулар. Ол бір-біріне пераллель орналасқан жоталардың, аңғарлардың, үстірттердің және таулы үстірттердің күрделі жүйесін құрайды. Ені 300-500 км., ең биік жері — Митчелл тауы (2037 м). Тау жүйесінің оңт.-шығысы мен солт. бөлігі кристалды жыныстардан (гнейс, кристалды тақтатас, кварцит) тұрады. Палеозойдың бас кезіндегі қатпарлану нәтижесінде көтерілген. А. т. ж-нің жалғасы Аппалачтың солтүстік-шығысындағы Ньюфауленд аралын алып жатыр. Таудың оңтүстік-батыс бөлігі палеозойдың соңғы кезеңіндегі шөгінді жыныстардың (әктас, құмтас, сазды тақтатас) қатпарлануы нәтижесінде пайда болған. Солт. Аппалачтың жер бедері таулы-үстіртті келеді, Оңт. Аппалачтың жер бедері күрделілігімен, ауа райының қолайлылығымен, жалпақ жапырақты ормандарымен ерекшеленеді. А. т. ж-нің қойнауы тас көмір мен жанғыш газға, темірге, мыс, күміс, кобальт кендеріне бай. Аппалачтың солт-нде климаты қоңыржай, оңт-нде субтропиктік. Дегенмен Атлант мұхитының ықпалымен біршама қолайлы ауа райы қалыптасады. Қаңтар айының орташа темп-сы (солтүстігінде) 12 °C-дан +8°С-ға (оңтүстігінде) дейін, ал шілдеде 18-26°С-ға дейін өзгереді. Жылдық жауын-шашын мөлш. 1000-2300 мм. Жаз айлары ылғалды, бұлтты және жаңбырлы келеді. Өзендердің суы мол, су-электр стансаларын салуға қолайлы, әсіресе, Пидмонт үстіртінен өткен өзендер “сарқырамалар сызығын” құрайды. Теннеси өзенінде 40-қа жуық СЭС салынған. А. т. ж-нде Фанди, Грейт-Смоки-Маунтинс, Мамонт үңгірі, Шенандоа тәрізді бірнеше ұлттық саяжайлар орналасқан.

Appalachian Mountains
Range
ЕлдеріUnited States, Canada
ӨңіріNewfoundland,[1][2]

Saint Pierre and Miquelon,
Quebec,
Nova Scotia,
New Brunswick,Maine,
New Hampshire,
Vermont,
Massachusetts,
Connecticut,
New York,
Pennsylvania,
Maryland,
Virginia,
West Virginia,
Ohio,
Kentucky,
Tennessee,
New Jersey,
North Carolina,
South Carolina,
Georgia,
and Alabama

Highest pointMount Mitchell
 - elevationҮлгі:Unit height
OrogenyTaconic
PeriodOrdovician
USGS АҚШ Аппалач таулы аймағы.

Дереккөздер