Арканзас (штат)

 Басқа мағыналар үшін Арканзас деген бетті қараңыз.

Арканзас (ағылш. Arkansas /ɑrkənsɔː/)[1]) — штат, Америка Құрама Штаттарының Оңтүстік аймағында орналасқан[2]. Халқы 2 937 979 адам (АҚШ штаттарының ішінде 32-орында; 2011 жылы). Астанасы және ірі қаласы — Литл-Рок.

АҚШ штаты

Арканзас
ағылш. State of Arkansas

Арканзас туыАрканзас мөрі
Арканзас туыАрканзас мөрі
АҚШ картасындағы Арканзас штаты

Штат ұраны

«Халық басқарады»
(лат. Regnat populus)

Штат әні

Arkansas (song)
Arkansas (You Run Deep in Me)
Oh, Arkansas

Штат лақапаты

«Табиғи штат»
(ағылш.
The Natural State)

Астанасы

Литл-Рок

Ең ірі қаласы

Литл-Рок

Ірі қалалары

Форт-Смит
Фейетвил
Спрингдейл
Джонсборо

Тұрғыны

2 937 979 (2011 жыл)
32-ші орын (АҚШ б-ша)
- тығыздығы
21,33 адам/км²

Ауданы

29-ші орын
- барлығы
137 732 км²
- су беті
2 876 км² (2,09 %)
- ендік
33°0' с. е. бойынша 36°30' с. е., 385 км
- бойлық89°41' б. б. бойынша 94°42' б. б., 420 км

Теңіз деңгейінен биіктігі

- максимал биіктігі839 м
- орташа биіктігі20 м
- минимал биіктігі
17 м

Штат статусын иеленуі

15 шілде 1836 жылы
25 ретпен
- штат болмай тұрып
Арканзас территориясы

Губернаторы

Аса Хатчинсон

Вице-губернаторы

Тим Гриффин

Заң шығару органы

Ассамблея Арканзас Бас Ассамблеясы
- жоғарғы палатасыАрканзас сенаты
- төменгі палатасыАрканзас өкілдер палатасы

Сенат мүшелері

Том Коттон
Джон Бузман

Уақыт белдеуі

Орталық увқыты: GMT-6/-5

Домені

AR

Ресми сайты:

http://www.arkansas.gov


Географиясы және климаты

Арканзас жер көлем 137 732 км² (штаттар арасында 29-орын). Штат оңтүстігінде Луизианамен, батысында Техаспен және Оклахомамен, шығысында Теннесси және Миссисипи, солтүстігінде Миссури штаттарымен шекараласады.

Штаттың шығысында Миссисипи өзенінің жазығы орналасқан, солтүстігінде Уошито тауы және Озарк дөңесті үстірті алып жатыр. Климаты субтропикалық, шамалы ылғалды. Қысы жұмсақ және қарлы. Жауын-шашыны жылына 1000 мм-ден жоғары. Қаңтар айының орташа температурасы +2...+15 °С, шілдеде - +27 °C. Жазда кейде +40 °C ыстыққа жетеді.

Тарихы

Арканзас аумағын еуропалықтардан бірінші болып Эрнандо де Сото экспедициясы мүшелері зерттеді (1541). Штатты бірінші француздар, кейін ағылшындар және немістер қоныстанды. XVI ғасырдан XIX ғаыр аралығында Арканзас территориясына Испания мен Франция бір-бірімен таласты.

Артынан 1836 жылы 15 маусымда АҚШ-қа қосылды. Арканзас одақтық мемелекет құрамында құлиеленуші штат болды. Артынан азаматтық соғыстан кейін президент Эндрю Джонсонның тыйым салуына қарамастан АҚШ құрамына қайта қабылданды.

Экономикасы

2003 жылы штаттың ЖІӨ-і $76 млрд болды. Арканзас — күріш, соя бұршағы өндіруе лдегі бай штат. Азық-түлік индустриясын дамытуда, электроқұралдар мен автокөлік бөлшектері өндірістері бар. Пайдалы қазбалар арасында боксит кені бойынша алдыңғы орындарда.

Демографиясы

Арканзас халқының едәуір өсуі 1940-жылдары байқалды. Этникалық құрамы: «американдықтар» — 15,9 %, афро-американдықтар — 15,7 %, ирландықтар — 9,5 %, немістер — 9,3 %, ағылшындар — 7,9 %. Ең жылдам өсуші этникалық топ — Азиядан келгендер. Негізгі конфессия — протестанттар (негізгі ролде баптисттер және методисттер).

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер