Аспидистра

Аспидистра (лат. Aspidistra) – қасқыржемдер тұқымдасына жататын аспидистраның мәдени түрге енгеніне біраз уақыт болды. Көбінесе оны меруерт гүлімен шатастырып жатады. Алайда аспидистра мен меруерт гүлінің айырмашылығы жер мен көктей. Үй жағдайында жиі өсірілетін аспидистраның жапырағы ұзын (50 см), түсі қою жасыл, қабығы жылтыр болады. Жапырағының ұзындығына бола оны «Биік аспидистра» (Aspidistra elatior) деп атайды. Үй жағдайында терезе алдын және үстел үстін көмкеруге қолданады.

Аспидистра
Биік аспидистра
Биік аспидистра
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі:Өсімдіктер
Бөлімі:Гүлді өсімдіктер
Табы:Дара жарнақтылар
Сабы:Asparagales
Тұқымдасы:Asparagaceae
Кіші тұқымдасы:Nolinoideae
Тегі:Aspidistra
Ker Gawl.
түрлері

100 түрі белгілі

Жарығы:

Жарықты жақсы көреді, алакөлеңкеде де өсе береді.

Жылуы:

Қыста ауа температурасы 15 °C-дан төмен болмағаны дұрыс.

Суғарылуы:

Көктемнен күзге дейін топырағын құрғатпай жиі суғару қажет. Қыста суғару азайтылады.

Ылғалдылығы:

Ауаның құрғақ болғанына аспидистра гүлі шыдамды келеді. Бірақ, құрғақтық ұзақ уақытқа созылмауы қажет. Ұзақ уақыт құғақ жағдайда тұрса жапырақтары ширатылып кетуі мүмкін. Сондықтан жапырақтарына су бүркіп тұрған пайдалы.

Қоректендірілуі:

Көктемде және жазда екі аптада бір рет әдемі жапырақтыларға арналған сұйық тыңайтқышпен қоректендіру қажет.

Аурулары:

Аспидистра ауруға көп шалдықпайды.

Көбейтілуі:

Түбін бөлу және тұқымы арқылы көбейтеді.

Сілтемелер

Дереккөздер

"Гүлстан" республикалық ғылыми-танмыдық, көпшілік журнал, 2010 жыл ISSN 2078-6727

🔥 Top keywords: Мәңгілік бала бейнеАбай ҚұнанбайұлыТабиғи ресурстарды ұтымды пайдалануШоқан Шыңғысұлы УәлихановТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыҚазақстанБауыржан МомышұлыҚазақстан географиясыҒылыми-техникалық революцияСемей полигоныБасты бетҚазақстанның экологиялық проблемаларыҰлы Жібек жолыБактерияларЭкологиялық жүйеҚазақстанның сыртқы саясатыҚазақстандағы туризмБіріккен Ұлттар ҰйымыЖалпы Ұлттық ӨнімШанхай Ынтымақтастық ҰйымыДүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыруПопуляцияШәкәрім ҚұдайбердіұлыМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміҚожа Ахмет Ясауи кесенесіЖалпы ішкі өнімБесеудің хатыЕкінші дүниежүзілік соғысСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыҚазақстанның географиялық орны мен шекараларыДамушы елдерХалықаралық ұйымдарЫбырай АлтынсаринЭкологиялық проблемаАрнайы:ІздеуБайқоңыр (ғарыш айлағы)Қаныш Имантайұлы СәтбаевВирустарТуризм