Африка - Антарктида су асты жотасы

Африка–Антарктида су асты жотасыАтлант және Үнді мұхиттарының жалғасқан бөлігінде Африка мен Антарктида құрлықтары аралығында, батыстан солтүстік-шығысқа қарай 3000 км шамасында созылып жатқан су асты тау тізбегі. Жота оңтүстік Атлант су асты жотасының жалғасы болып табылады. Ендік бағытта Гринвич меридианынан басталып, 350 шығыс бойлық шамасында солтүстік-шығыс бағытта бұрылып, Батыс Үнді су асты жотасына ұласады. Жотаның батыстағы басталар бөлігінде Буве, ал Батыс Үнді жотасына жалғасар бөлігінде Принс Эдуард, Марион-Айленд ар-дары су бетіне шығып жатыр. Жотаның солт-батысында, шамамен 90 шығыс бойлық тұсына (Метеор тауы, 560 м) орналасқан. Түпкі шөгінділері диатомды лай мен жанартаулық қызыл саздан тұрады. Солтүстігінде Агульяс, оңтүстігінде Африка - Антарктика қазаншұңқыры орналасқан. Жота мұхиттық жер қыртысының рифтілік түріне жатады. Оның көлденең тектоник. жарықтары көп және су астындағы жанартаулары әлі сөнбеген.

Дереккөздер

  • Қазақ ұлттық энциклопедиясы


🔥 Top keywords: Мәңгілік бала бейнеАбай ҚұнанбайұлыТабиғи ресурстарды ұтымды пайдалануШоқан Шыңғысұлы УәлихановТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыҚазақстанБауыржан МомышұлыҚазақстан географиясыҒылыми-техникалық революцияСемей полигоныБасты бетҚазақстанның экологиялық проблемаларыҰлы Жібек жолыБактерияларЭкологиялық жүйеҚазақстанның сыртқы саясатыҚазақстандағы туризмБіріккен Ұлттар ҰйымыЖалпы Ұлттық ӨнімШанхай Ынтымақтастық ҰйымыДүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыруПопуляцияШәкәрім ҚұдайбердіұлыМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміҚожа Ахмет Ясауи кесенесіЖалпы ішкі өнімБесеудің хатыЕкінші дүниежүзілік соғысСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыҚазақстанның географиялық орны мен шекараларыДамушы елдерХалықаралық ұйымдарЫбырай АлтынсаринЭкологиялық проблемаАрнайы:ІздеуБайқоңыр (ғарыш айлағы)Қаныш Имантайұлы СәтбаевВирустарТуризм