АҚШ америкалықтары

Америкалықтар АҚШ-тың қазіргі халқы. Жалпы саны — 194,2 млн. адам (1992). Соның ішінде АҚШ-та 193 млн., Канадада 350 мың, Мексикада 135 мың адам. Антропологиялары жағынан әрқилы. Еуропадан қоныс аударушылардан, Африкадан апарылған негрлерден құралған. Тілі — ағылшын тілінің америкалық нұсқасы, солт., оңт., батыс диалектілері мен говорлары бар. Жазуы — латын графикасына негізделген. Діні жөнінен протестанттар мен католиктер. 16 ғ-да Еуропа отаршылары Солт. Америкаға жаппай қоныс аудара отырып, тұрғылықты халқы — үндістерді өз мекендерінен ығыстырды, қырып-жойды, олардың орнына апарылған африкалықтар жаңа тіл мен мәдениетті қабылдап, афро-америкалық этно-нәсілдік қауымға айналды. Алғашында Солт. Америкада ағылшын отарларының көп болуы, америкалық этник. қоғамда ағылшын тілі мен мәдениетінің рөлін арттырса, кейін Еуропадан барған басқа халықтардың — немістердің, голландықтардың, француздардың мәдени әсері мол болды. А. ұлт ретінде 1775 — 83 жылдардағы тәуелсіздік соғысынан кейін қалыптаса бастады. 19 ғ-дың басында ел үш экон.-геогр. және мәдени аймаққа: сауда-өнеркәсіптік, фермерлік Солтүстікке, құл иеленушілік Оңтүстікке, қоныс аударушы Батысқа жіктелді. 19 ғ-дың ортасында АҚШ-қа Еуропадан қоныс аударушылар тасқыны үдей түсті. 1846 — 48 ж. Мексика соғысында тартып алынған жерлердегі мексикалықтар (испан-үндіс метистері, испандықтардың ұрпақтары) Америка халқының құрамына енді. 1861 — 65 ж. Америкадағы азамат соғысы А-дың ұлт болып қалыптасуына, мемл-тің нығаюына, құлдардың азат етілуіне жол ашты. 20 ғ-дың 20-жылдарында қоныс аударушыларды нәсілі мен ұлтына қарай шектеп, сұрыптап отыру үшін қатаң көші-қон заңы қабылданды. Этник. тұрақтану мен этностар тоғысы АҚШ-ты көп ұлтты мемл. болудан сақтап, Америка халқын ұлтына, дініне, нәсіліне қарамайтын біртұтас қауымға айналдырды. 1965 ж. АҚШ-та қабылданған жаңа көші-қон заңы нәсілдік шектеуді жойды, оқыған мамандардың келуіне жол ашты, филиппиндіктердің, қытайлардың, корейлердің, т.б. қоныс аударуы күрт өсті. Ана тілдерін ұмытпаған қоныстанушылардың өз тілінде сөйлеуіне шек қойылмады. Туысқандық жүйесі — ағылшындық. Америкалықтар тез қоныс аударғыш, батыс, оңт. штаттарда халықтың тығыздығы жоғары. 4 шілде — Тәуелсіздік күні, қарашаның соңғы бейсенбісі — Қайырымдылық күні, маусымның 2-жексенбісі — Ана күні кеңінен аталып өтіледі. Ұлттық спорт түрлері: бейсбол, баскетбол, бокс, туризм, регби, хоккей кеңінен дамыған. Әдеб: Нитобург Э.Л., Негры США, 18-начало 20 в, М., 1979; Богина Ш.А., Этнокультурные процессы в США (конец 18-начало 19 в.), М., 1986; Страны и народы мира, М., 1996.

Еуропалық ата-бабалары[1]
ОрныТегіПайызыСаныОрныТегіПайызыСаныBenjamin Franklin Henry Ford Rita Hayworth
Jacqueline Kennedy Onassis Wright Brothers
1немістер15.2%42,841,56911Swedish1.4%3,998,310
2ирландықтар10.8%30,524,79912Russian0.9%2,652,214
3ағылшындар8.7%24,509,69213Welsh0.6%1,753,794
4италиандықтар5.6%15,638,34814Danish0.5%1,430,897
5француздар3.8%10,658,00015Hungarian0.5%1,398,702
6польшалықтар3.2%8,977,23516Czech0.4%1,258,452
7шотландтар1.7%4,890,58117Portuguese0.4%1,173,691
8голландтар1.6%4,541,77018Greek0.4%1,153,295
9норвегтер1.6%4,477,72519British0.4%1,085,718
10шотланд-ирландиалықтар1.5%4,319,23220Swiss0.3%911,502
2000 United States Census Bureau
*French Americans reported 8,309,908 inclu.French Canadian were 2,349,684 = 10,658,000
Benjamin Franklin (English). Henry Ford (Anglo-Irish, Belgian). Rita Hayworth (Spanish, English, Irish).
Jacqueline Bouvier (French, English, Irish). Wright Brothers (English, Dutch, German-Swiss).[2] Paul Newman (Hungarian, Polish, Slovak).
Африкалық ата-бабаларынан[3]
ОрныТегіПайызыСаныОрныТегіПайызыСаныOprah Winfrey
Oprah Winfrey descendent
of the Kpelle of Liberia.
[4]
Paul Robeson
Paul Robeson
of Igbo descent.
1Nigerian0.0%254,794Ugandan0.0%11,674
2Ethiopian0.0%186,679Senegalese0.0%8,767
3Cape Verdean0.0%90,828Zimbabwean0.0%6,367
4Ghanaian0.0%84,777Other Subsaharan African0.0%126,463
5South African0.0%55,895Subsaharan African0.5%2,866,419
6Liberian0.0%49,428Black Hispanic0.4%949,195
7Kenyan0.0%44,467Black or African American alone12.3%38,093,725
8Sudanese0.0%36,663
9Sierra Leonean0.0%13,281
2009 American Community Survey Bureau
Азиялық ата-бабаларынан[5]
ОрныТегіПайызыСаныОрныТегіПайызыСаныBobby Jindal
Louisiana Governor Bobby Jindal of Indian descent.
Ellison Onizuka
Ellison Onizuka of Japanese descent.
Lucy Liu
Lucy Liu of Taiwanese descent.
1Қытайлар1.0%3,204,379
2Indian0.8%2,602,676
3Filipino0.8%2,475,794
4Vietnamese0.5%1,481,513
5Korean0.4%1,335,973
6Жапондар0.2%766,875
7Taiwanese0.2%529,147
8Pakistani0.1%210,245
9Other Asian0.6%1,907,401
10Asian American (total)4.5%13,774,611
11
2009 American Community Survey Bureau

Дереккөздер