Ақмамық

Ақмамық[1] (лат. Puccinellia) – астық тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік.

Ақмамық
бытыраңқы ақмамық
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі:Өсімдіктер
(unranked)Дара жарнақтылар
(unranked)Commelinids
Сабы:Poales
Тұқымдасы:Poaceae
Кіші тұқымдасы:Pooideae
Тайпасы:Poeae
Тегі:Puccinellia
Parl.
Үлгілік түрі
Puccinellia distans
түрлері

300 түрі белгілі

Қазақстанда 15 түрі бар. Олар сортаңды шалғындарда, өзен, арық бойларында, құмды жерлерде, тау бөктерлерінде және оның биік қыраттарында өседі. Ақмамықтың негізгі түрлерінің бірі — Ұзынсабақ ақмамық эндемик өсімдік болып саналады. Балқаш — Алакөл алабында, ШуІле тауларында ғана кездеседі. Биіктігі 40-60 см, сабағы тік болады. Жіңішке жапырағы төменгі жағынан топтанып, сояуланып шығып тұрады. Сыпыртқы масақшалары қысыңқы, сары түсті келеді. Мамыр — маусым айларында гүлдейді. Ақмамықтың көп тараған түрі — Үлкен ақмамық негізінен Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Қызылорда, Жамбыл, Алматы облыстарының сортаңды шалғындарында көп кездеседі. Биіктігі 1 м-ге жуық, сабағы жіңішке болады. Сыпыртқы масақшалары 2-8 гүлді қоңыр түсті, қатарланып орналасады. Маусым - шілде айларында гүлдейді. Жемісі — дәнек. Үлкен ақмамық қолдан егуге ыңғайлы шабындық шөптің бірі. Оның 1 га-сынан 8-15 ц пішен орылады.[2]

Дереккөздер


🔥 Top keywords: Мәңгілік бала бейнеАбай ҚұнанбайұлыТабиғи ресурстарды ұтымды пайдалануШоқан Шыңғысұлы УәлихановТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыҚазақстанБауыржан МомышұлыҚазақстан географиясыҒылыми-техникалық революцияСемей полигоныБасты бетҚазақстанның экологиялық проблемаларыҰлы Жібек жолыБактерияларЭкологиялық жүйеҚазақстанның сыртқы саясатыҚазақстандағы туризмБіріккен Ұлттар ҰйымыЖалпы Ұлттық ӨнімШанхай Ынтымақтастық ҰйымыДүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыруПопуляцияШәкәрім ҚұдайбердіұлыМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміҚожа Ахмет Ясауи кесенесіЖалпы ішкі өнімБесеудің хатыЕкінші дүниежүзілік соғысСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыҚазақстанның географиялық орны мен шекараларыДамушы елдерХалықаралық ұйымдарЫбырай АлтынсаринЭкологиялық проблемаАрнайы:ІздеуБайқоңыр (ғарыш айлағы)Қаныш Имантайұлы СәтбаевВирустарТуризм