Барабы жазығы

Барабы жазығыБатыс Сібір ойпатында, Обь және Ертіс өзендерінің аралығында жатқан аллювийлі жазық. Ресей Федерациясының Новосибирск және Омбы облыстарының аумағында орналасқан. Ол оңтүстігінде Құлынды даласымен, ал солтүстігінде Васюган жазығымен жалғасады. Тектоникалық жағынан герциндік іргетасының тереңд. 3000 м болатын Ертіс синеклизасына сәйкес келеді. Түпкі жыныстар қалыңдығы 100 м болатын аллювийлік-флювиогляциалдық құмды-сазды жыныстармен жабылған. Жер бедері тегіс, оңтүстігіндегі ойпаңдарда тұщы және тұзды көлдер (Чаны, Уба, Сартлан, т.б.), батпақты-сортаң жерлер, шалғынды жайылмалар бар. Абсолют биіктіктері 110 — 150 м. Климаты тым континенттік. Қаңтарда ауаның орташа температурасы –19 — 20°С, шілдеде 18 — 19,5°С, кейде 40°С-қа дейін жоғарылайды. Жылдық орташа жауын-шашын мөлшері 370 — 500 мм, қардың қалыңд. 30 — 50 см. Барабы жазығының орманды даласы — Батыс Сібір ойпатындағы ауыл шаруашылығы дамыған аудан. Мұнда шабындықтар құнарландырылып, дәнді және техникалық дақылдар егіледі. Жазықтың 300 мың га батпақты жері құрғатылған.[1]

Западно-Сибирская равнина:
1. Есіл жазығы
2. Құлынды даласы
3. Барабы жазығы
4. Васюган жазығы
5. Сибирские Увалы
Жазығы

Дереккөздер


🔥 Top keywords: Мәңгілік бала бейнеАбай ҚұнанбайұлыТабиғи ресурстарды ұтымды пайдалануШоқан Шыңғысұлы УәлихановТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыҚазақстанБауыржан МомышұлыҚазақстан географиясыҒылыми-техникалық революцияСемей полигоныБасты бетҚазақстанның экологиялық проблемаларыҰлы Жібек жолыБактерияларЭкологиялық жүйеҚазақстанның сыртқы саясатыҚазақстандағы туризмБіріккен Ұлттар ҰйымыЖалпы Ұлттық ӨнімШанхай Ынтымақтастық ҰйымыДүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыруПопуляцияШәкәрім ҚұдайбердіұлыМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміҚожа Ахмет Ясауи кесенесіЖалпы ішкі өнімБесеудің хатыЕкінші дүниежүзілік соғысСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыҚазақстанның географиялық орны мен шекараларыДамушы елдерХалықаралық ұйымдарЫбырай АлтынсаринЭкологиялық проблемаАрнайы:ІздеуБайқоңыр (ғарыш айлағы)Қаныш Имантайұлы СәтбаевВирустарТуризм