Баррен Айленд

Баррен Айленд- Үнді еліндегі белсенді жанартау.Ол Порт-Блэр қаласының шығысынан 135 шақырым, Андаман аралдарының шығысына қарай 60 шақырым қашықтықта орналасқан.Баррен Айленд Оңтүстік Азиядағы жалғыз белсенді жанартау ретінде тіркелген.Жанартау кемінде 5 конус тәріздес шыңнан және батысқа қарай орналасқан кальдерадан тұрады.Жанартаудың екі атқылау ошағы бар. Біреуі батыс жағында, екіншісі орталықтың оңтүстік-шығыс қапталында орналасқан.Жанартау шыңының биіктігі - 354 м. Бір қызығы, жанартаудың көп бөлігі су астында орналасқан.Аралдың ұзындығы - 3 шақырым, жалпы ауданы - 10 шаршы шақырым. Жанартау кальдерасының ені 2 шақырымды қурайды.Ондағы кальдера плейстоцен кезіндегі жанартаудың атқылауы барысында пайда болған. Осының нәтижесінде жанартауда ағындар мен шоғырлар көбейген. Жазбаларға сәйкес, аталған жанартау 1787 жылы атқылаған. Сол уақыттан бері 2006 жылға дейінгі аралықта жанартау алты рет атқылапты.Баррен Айленд Суматра және Мьянма аралдары арасынан өтетін ішкі доғада орналасқан.Жанартаудың екі атқылау ошағы бар. [1]

Жанартаудың 1995 жылғы белсенділігі. НАСА суреті
Жанартаудың 1995 жылғы белсенділігі. НАСА суреті

Дереккөздер

🔥 Top keywords: Мәңгілік бала бейнеАбай ҚұнанбайұлыТабиғи ресурстарды ұтымды пайдалануШоқан Шыңғысұлы УәлихановТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыҚазақстанБауыржан МомышұлыҚазақстан географиясыҒылыми-техникалық революцияСемей полигоныБасты бетҚазақстанның экологиялық проблемаларыҰлы Жібек жолыБактерияларЭкологиялық жүйеҚазақстанның сыртқы саясатыҚазақстандағы туризмБіріккен Ұлттар ҰйымыЖалпы Ұлттық ӨнімШанхай Ынтымақтастық ҰйымыДүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыруПопуляцияШәкәрім ҚұдайбердіұлыМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміҚожа Ахмет Ясауи кесенесіЖалпы ішкі өнімБесеудің хатыЕкінші дүниежүзілік соғысСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыҚазақстанның географиялық орны мен шекараларыДамушы елдерХалықаралық ұйымдарЫбырай АлтынсаринЭкологиялық проблемаАрнайы:ІздеуБайқоңыр (ғарыш айлағы)Қаныш Имантайұлы СәтбаевВирустарТуризм