Бағыныңқы сөйлем

Бағыныңқы сөйлем - басыңкы сөйлемге грамматикалық тұрғыдан бағынып тұратын, сабақтас құрмаласқа енген, жай сөйлемнің тиянақсыз бөлігі. Бағыныңқы сөйлем басыңқылары тұтас ойды анықтап, толықтап, пысықтап тұрады.[1] Бағыныңқы сөйлем мен басыңкы сөйлем арасындағы байланыс жалғаулықтар, жалғаулык сөздер, қатысты сөздер және интонациямен беріледі. Бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемнің компоненті қызметін атқарады, мысалы, Ешкім үндемеді, өйткені бұндағы кісілердің бәрі де қарт әйелдің дауысын білетін (М. Әуезов) - Бұндағы кісілердің бәрінің де қарт әйелдің дауысын білетіндіктен ешкім үндемеді. Басыңкы сөйлеммен байланысының сипатына қарай бағыныңқы сөйлем анықтауыштық түсіндірме, пысықтауыштық (мекен, мезгіл, себеп т.б.) түрлерге бөлінеді.[2]

Бағыныңқы сөйлемсабақтас құрмалас сөйлемнің тиянақсыз тұлға аякталған алғашқы компоненті. Ол езінен кейінгі тиянақты түрде аяқталған басынқы сөйлемді әр түрлі мағыналық ылғайда айкындау мақсатында жұмсалып, соған тәуелді болады. Бағынынқы сөйлем сабақтас құрмалас сөйлемде байланыстырғыш компонент кызметін атқарады. Бұл кызмет бағынынкы сөйлемнің көсемше, есімше, шартты рай тұлғалы тағы басқа етістіктерден жасалған баяндауышына жүктеледі. Бағыныңқы компонент сөйлем деп аталғанымен, онда қалыпты сөйлемге тән қасиеттердің бәрі бола бермейді. Дербес жай сөйлемдер формалық жағынан да, мағынасы жағынан да тәуелсіз, тиянакты бір бүтін болып айтылса, ал бағынынқы сөйлемде ондай тиянақтылық, дербестік жоқ, ол шын мәнісінде күрделі сөйлемнің бір бөлшегі болып табылады.[3]

Дереккөздер


🔥 Top keywords: Мәңгілік бала бейнеАбай ҚұнанбайұлыТабиғи ресурстарды ұтымды пайдалануШоқан Шыңғысұлы УәлихановТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыҚазақстанБауыржан МомышұлыҚазақстан географиясыҒылыми-техникалық революцияСемей полигоныБасты бетҚазақстанның экологиялық проблемаларыҰлы Жібек жолыБактерияларЭкологиялық жүйеҚазақстанның сыртқы саясатыҚазақстандағы туризмБіріккен Ұлттар ҰйымыЖалпы Ұлттық ӨнімШанхай Ынтымақтастық ҰйымыДүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыруПопуляцияШәкәрім ҚұдайбердіұлыМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміҚожа Ахмет Ясауи кесенесіЖалпы ішкі өнімБесеудің хатыЕкінші дүниежүзілік соғысСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыҚазақстанның географиялық орны мен шекараларыДамушы елдерХалықаралық ұйымдарЫбырай АлтынсаринЭкологиялық проблемаАрнайы:ІздеуБайқоңыр (ғарыш айлағы)Қаныш Имантайұлы СәтбаевВирустарТуризм