Болатхан Құлжанұлы Тайжан

Болатхан Құлжанұлы Тайжан (8 наурыз 1941 жыл, Павлодар20 ақпан 2007, Алматы) – мемлекет қайраткері, дипломат, Төтенше және Өкілетті Елші. Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын (1966) және КСРО ҒА жанындағы Мәскеу халықаралық экономикалық қатынастар институтының аспирантурасын (1970) бітірген.

Болатхан Құлжанұлы Тайжан
Туған күні

8 наурыз 1941 (1941-03-08)

Туған жері

 КСРО, Павлодар облысы, Павлодар

Қайтыс болған күні

20 ақпан 2007 (2007-02-20) (65 жас)

Қайтыс болған жері

Алматы

Ұлты

қазақ

Қызметі

дипломат, саяси қайраткер

Әкесі

Құлжан

Балалары

Үміт Шаяхметова, Мұхтар Тайжан

Сайты

http://boketaizhan.kz/

Өмірбаяны

1970 – 74 жылдары Қазақ КСР-і ғылым академиясының экономика институтында кіші ғылыми қызметкер, 1974 – 75 жылдары Қазақ КСР-і Сыртқы істер министрінде бас хатшы, 1975 – 80 жылдары Йемен Араб Республикасындағы КСРО елшілігінде 2-хатшы, 1980 – 85 жылдары Қазақстан КП ОК-де, Қазақ КСР-і СІМ-нде жауапты қызметкер, 1985 – 89 жылдары Йемен Халық Демократиялық Республикасында бас консул, кеңесші, 1989 – 93 жылдары Қазақ КСР-і СІМ-нде жауапы қызметкер, ҚР сыртқы экономикалық қатынастар министрінің 1-орынбасары, 1993 – 99 жылдары Қазақстанның Египеттегі Төтенше және өкілетті елшісі және қосымша Марокко, Тунис,Алжир, Иордания,Сирия,Ливия елдеріндегі Төтенше және өкілетті елшісі, 1996 – 99 жылдары Ислам Конференциясы ұйымындағы ҚР-ның тұрақты өкілі, 1999 – 2001 жылдары Қазақстанның Малайзиядағы Төтенше және өкілетті елшісі болды. 2003 – 05 жылдары “Нұр Отан” партиясы төрағасының кеңесшісі, 2005 жылдан өмірінің соңына дейін ұлттық-патриоттық “Ұлт тағдыры – ел тағдыры” қозғалысының төрағасы болды. Тайжан Қазақстанның сыртқы саясатын қалыптастыруда үлкен рөл атқарды және зиялы қазақ азаматы ретінде елдегі қоғамдық қозғалыстарға белсене араласты.[1]

Дереккөздер

🔥 Top keywords: Мәңгілік бала бейнеАбай ҚұнанбайұлыТабиғи ресурстарды ұтымды пайдалануШоқан Шыңғысұлы УәлихановТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыҚазақстанБауыржан МомышұлыҚазақстан географиясыҒылыми-техникалық революцияСемей полигоныБасты бетҚазақстанның экологиялық проблемаларыҰлы Жібек жолыБактерияларЭкологиялық жүйеҚазақстанның сыртқы саясатыҚазақстандағы туризмБіріккен Ұлттар ҰйымыЖалпы Ұлттық ӨнімШанхай Ынтымақтастық ҰйымыДүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыруПопуляцияШәкәрім ҚұдайбердіұлыМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміҚожа Ахмет Ясауи кесенесіЖалпы ішкі өнімБесеудің хатыЕкінші дүниежүзілік соғысСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыҚазақстанның географиялық орны мен шекараларыДамушы елдерХалықаралық ұйымдарЫбырай АлтынсаринЭкологиялық проблемаАрнайы:ІздеуБайқоңыр (ғарыш айлағы)Қаныш Имантайұлы СәтбаевВирустарТуризм