Борис Төкенұлы Керімбаев

Борис Төкенұлы Керімбаев (12 қаңтар 1948, Аққайнар, Алматы облысы, Қазақ КСР12 ақпан 2019, Алматы) — КСРО Қарулы Күштерінің және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің полковнигі. Ауған соғысының қатысушысы (1979-1989). Кеңес әскерлері мен Ахмад Шаһ Масұт жасақтары арасындағы қарсыласудың негізгі қатысушысы.

Борис Төкенұлы Керімбаев
суреті
Лақап аты

Қара майор

Туған күні

12 қаңтар 1948 (1948-01-12)

Туған жері

Аққайнар, Алматы облысы, Қазақ КСР

Қайтыс болған күні

12 ақпан 2019 (2019-02-12) (71 жас)

Қайтыс болған жері

Алматы, Қазақстан

Мемлекет

 КСРО
 Қазақстан

Әскер түрі

Мотоатқыштар әскері
Барлау-диверсиялық құрылымдар

Қызмет еткен жылдары

19661992

Атағы

полковник

Басқарды

177-ші жеке арнайы мақсатты жасақ командирі

Шайқасы

Ауған соғысы

Марапаттары
1 дәрежелі Айбын орденіҚызыл Ту ордені
1 дәрежелі Мінсіз қызметі үшін медалі (КСРО)2 дәрежелі Мінсіз қызметі үшін медалі (КСРО)3 дәрежелі Мінсіз қызметі үшін медалі (КСРО)

Білімі

1970 жылы В.И.Ленин атындағы Ташкент жоғарғы жалпыәскерлік қолбасшылық училищесін бітірді.

Кеңес Әскері қатарында қызмет ету

1970 жылы училищені бітіргеннен кейін өзінің офицерлік қызметін Германиядағы Кеңес әскерлері тобында мотоатқыштар взводының командирі ретінде бастады.

1973 жылы барлау ротасының командирі болып тағайындалды.

1975 жылы Орта Азия әскери округіндегі барлау ротасының командирі қызметіне ауыстырылды.

1977 жылы штаб бастығы, кейінірек мотоатқыш батальонының командирі болып тағайындалды.

1980 жылы Эфиопияға жаяу әскерлер бригадасы командирінің кеңесшісі ретінде шетелдік миссия үшін КСРО ҚК Бас штабының 10-Бас басқармасында тіркелді.

177 жеке жасақ

1980 жылы қаңтарда БШ БББ бастығының армия генералы Ивашутиннің бұйрығымен жаңадан құрылған 177-ші жеке арнайы мақсаттағы жасақтың командирі болып тағайындалды.

177-ші жасақ Қазақ КСР Алматы облысы, Қапшағай қаласындағы ОАӘО 22-ші жеке арнайы мақсаттағы бригадасының базасында құрылды.

Ауғанстандағы соғыс

1981 жылы 29 қазанда Керімбаев басқарған 177-ші жасақ Ауғанстанға кіріп, Фариаб провинциясындағы Маймана қаласының маңына шоғырланды. Кіре салысымен жасақ моджаһедтердің құрамаларына қарсы әскери қимылдарды бастады.

Маймана маңында ауған моджахедтерінің ірі құрамаларын талқандау шайқастарының нәтижесінде Мовледи-Кара деген дала командирі басқарған 177-ші жасақтың жеке құрамы өздерінің қолбасшысына қара жүзі мен қарсыласы екеуінің есімдері ұқсас болғандықтан «Қара майор» деген лақап ат берді. Керімбаевтың әскери атағы сол кезде майор болған[1][2].

1982 жылы 15 қаңтарда 177-ші жасақ әскери операцияға қатысу үшін Дарзоб е.м. түбіне жеткізілді.

1982 жылы 12 маусымда Керімбаев басқарған 177-ші жасақ 500 шақырымдық маршпен кезекті Панжшир операциясы енді ғана аяқталған Панжшир шатқалындағы Рух е.м. ауыстырылды.

40-армияның басшылығы Керімбаевқа Панжшир шатқалына ішінара бақылау жүргізу және ауған моджаһедтерінің түзілімдерін белгісіз мерзімге бұғаттау әскери тапсырмасын берді.

177-ші жасақтың Рух елді мекендегі орныққан орындарын нығайту үшін 108-мотоатқыш дивизиясынан келесі бөлімшелер бекітілді:

  • Д-30 гаубица артиллериялық батареясы;
  • РСЗО БМ-21 реактивті артиллериялық батареясы;
  • радиоэлектрондық күрес взводы;
  • танк взводы.

Панжшир шатқалында орналасқан ауған моджаһедтерінің құрамаларына, ең алдымен Ахмад Шаһ Масұт тобына белсенді қарсылық ұйымдастырды. 8 ай бойы басым жауымен тұрақты атыс байланыстарынан, жүйелі түрде тұтқиылдан жасалған операциялар мен рейдтерден кейін Ахмад Шаһ Масұт 40-армияның қолбасшылығымен уақытша бітімге келуге мәжбүр болды.

...Көбіне арнайы жасақтың дала командирінің Ахмад Шаһ Масұт жасақтарына қарсы сәтті әрекеттерінің арқасында бүлікшілер осы ауданда бітімгершілікке келісті...

— 15 бригада СПЕЦНАЗ:Адамдар мен тағдырлар. Ауғанстан куәгерлердің көзімен

Ахмад Шаһ Масұтпен келіссөздерге 40-армия штабының өкілдерінен басқа Б.Т.Керимбаев та қатысты. Бітімнің нәтижесі Ахмад Шаһ Масұт тобы Кеңес әскерлеріне қарсы ұрыс қимылдарын тоқтатты. Бұған жауап ретінде Ахмад Шаһ Масұт 177-ші жасақты өзіне бекітілген барлық бөлімшелерімен бірге Панжшир шатқалынан шығаруды талап етті.

1983 жылы 8 наурызда Керімбаев шатқалдағы барлық бөлімдерін шығарды, ал 177-ші жасақ Парван провинциясының Гүлбахор елді мекеніне қайта орналастырылды[3].

Одан арғы қызметі

1983 жылы 10 қазанда Керімбаев 177-ші жасақ командирі қызметін Владимир Квачковқа тапсырды және одан әрі Орта Азия әскери округіне қызмет етуге кетті[4].

1983 жылдың қазанынан 1985 жылдың наурызына дейін батальон командирі, одан кейін Қазақ КСР Алматы облысы, Қапшағай қаласындағы 22-ші арнайы мақсаттағы бригадада бригада командирінің орынбасары қызметін атқарды.

Бригада бұрын орналасқан әскери қалашыққа 22-ші арнайы мақсаттағы бригада Ауғанстанға кіргеннен кейін, құраманың қалған бөлімшелерінен 546-шы арнайы мақсаттағы оқу полкі құрылды[5]. Борис Керімбаев полк командирі болып тағайындалып, бұл қызметті 1980 жылдардың соңында бөлім толығымен таратылғанға дейін атқарды.

1990 жылы Қазақ КСР Азаматтық қорғаныс штабына қызметіне ауыстырылды[6].

1992 жылы денсаулығына байланысты Қарулы Күштерден полковник шенімен зейнетке шықты[7].

2019 жылдың 12 ақпанында Алматы қаласында ұзақ сырқаттан кейін қайтыс болды[8][9].

Әдебиет

  • Беков С. М., Старов Ю. Т., Овчаров А. А., Кривопалов О. В. Қапшағай батальоны // 15 бригада СПЕЦНАЗ: адамдар мен тағдырлар — М.: Русская панорама, 2009. — Б. 187—198. — 556 б. — 1800 таралым. — ISBN 978-5-93165-239-9.

Дереккөздер

🔥 Top keywords: Мәңгілік бала бейнеАбай ҚұнанбайұлыТабиғи ресурстарды ұтымды пайдалануШоқан Шыңғысұлы УәлихановТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыҚазақстанБауыржан МомышұлыҚазақстан географиясыҒылыми-техникалық революцияСемей полигоныБасты бетҚазақстанның экологиялық проблемаларыҰлы Жібек жолыБактерияларЭкологиялық жүйеҚазақстанның сыртқы саясатыҚазақстандағы туризмБіріккен Ұлттар ҰйымыЖалпы Ұлттық ӨнімШанхай Ынтымақтастық ҰйымыДүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыруПопуляцияШәкәрім ҚұдайбердіұлыМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміҚожа Ахмет Ясауи кесенесіЖалпы ішкі өнімБесеудің хатыЕкінші дүниежүзілік соғысСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыҚазақстанның географиялық орны мен шекараларыДамушы елдерХалықаралық ұйымдарЫбырай АлтынсаринЭкологиялық проблемаАрнайы:ІздеуБайқоңыр (ғарыш айлағы)Қаныш Имантайұлы СәтбаевВирустарТуризм