Бірлескен кәсіпорын

Бірлескен кәсіпорын — жұмысына шет елдердің фирмалары немесе мемлекет ішіндегі басқа өндіріс орындары мен фирмалар қатысатын, ұйымдық жағынан біртұтас, ортақ мүдделі мекеме ретінде рәсімделген кәсіпорын.

Ол бірлесіп өнім өндіру, өнімді сату, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, құрылыс салу, техникалық қызмет көрсету, көліктік, қаржылық, сақтандыру, т.б. қызмет түрлерін жүзеге асыру мақсатында құрылады. Қазақстанда 1989 жылдан бастап АҚШ, Италия, Түркия, Қытай, Швейцария, Югославия, т.б. елдердің фирмаларымен Бірлескен кәсіпорындар құрылып, жұмыс жүргізуде.[1][2]

Дереккөздер