Бір өкпелілер

сүйекті балықтардың Қалаққанаттылар класының отряды

Бір өкпелілер (лат. Monipneumones) — сүйекті балықтардың Қалаққанаттылар класының отряды.

Queensland lungfish

Цератод тұқымдасына, неоцератод туысына жататын қос тынысты балықтардың ең ірісі, өкілі - неоцератод. Ұзындығы 175 сантиметрге жететін осы кездегі қос тынысты балықтардың ең ірісі Солтүстік Шығыс Австралиядағы Квинсленда өзенінде тараған. Өкпесі айқын екі бөлімге бөлінбеген бір өкпе қапшығынан тұрады. Желбезектері жақсы дамыған. Неоцератод бір мезгілде өкпесімен де желбезегімен де, немесе әрқайсысымен жеке тыныс ала алады. Сондықтан олар басқа балықтар тіршілік ете алмайтын, өсімдік өте қалын, өскен суларда да тіршілік ете алады. Жазда су тартылып, оның ішіндегі өсімдіктер шіріп, судағы оттегі мейлінше азайған кезде, неоцератодтар тек қана өкпесімен тыныс алады. Ол кезде балық судан басын жиі шығарып, ауа қабылдайды. Күзде олардың мекендеген суларына жаңа сулар қосылған кезде өкпенін, қызметін желбезек атқарып, қанның тотығуы желбезек арқылы орындалады. Олар құрғап қалмайтын суларда тіршілік етеді де, ұйқыға жатпайды. Су түбіне жақын қабатта, көбінесе су тубінде кездеседі. Шаянтәрізділермен, моллюскалармен және құрттармен қоректенеді. Көбінесе қыркүйек пен қазан айларында көбейеді. Жұмыртқасын су өсімдіктерінің арасына салады. Шабақтары ешбір өзгеріссіз дамиды, олардың сыртқы желбезектері болмайды.[1]

Дереккөздер

🔥 Top keywords: Мәңгілік бала бейнеАбай ҚұнанбайұлыТабиғи ресурстарды ұтымды пайдалануШоқан Шыңғысұлы УәлихановТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыҚазақстанБауыржан МомышұлыҚазақстан географиясыҒылыми-техникалық революцияСемей полигоныБасты бетҚазақстанның экологиялық проблемаларыҰлы Жібек жолыБактерияларЭкологиялық жүйеҚазақстанның сыртқы саясатыҚазақстандағы туризмБіріккен Ұлттар ҰйымыЖалпы Ұлттық ӨнімШанхай Ынтымақтастық ҰйымыДүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыруПопуляцияШәкәрім ҚұдайбердіұлыМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміҚожа Ахмет Ясауи кесенесіЖалпы ішкі өнімБесеудің хатыЕкінші дүниежүзілік соғысСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыҚазақстанның географиялық орны мен шекараларыДамушы елдерХалықаралық ұйымдарЫбырай АлтынсаринЭкологиялық проблемаАрнайы:ІздеуБайқоңыр (ғарыш айлағы)Қаныш Имантайұлы СәтбаевВирустарТуризм