Валуа

Валуа (фр. Valois) — Франция корольдерінің әулеті, Капетиндер үй тармағы. Өзінің атауын осы тармақтың негізін салушы Француздық Шарльдің титулы де Валуа графымен байланысты алды.

Валуа
фр. Valois
Валуа
Валуа графтары мен герцогтарының елтаңбасы
ЕліФранция патшалығы
Негізін салушы үйіКапетиндер
Титулдары
  • Валуа графы
  • Франция королі
  • Анжуй герцогы
  • Неаполь королі
  • Бургундия герцогтары
  • Брабант герцогтары
  • Невер герцогтары
  • Берри герцогтары
  • Алансон герцогтары
  • Орлеан герцогтары
  • Ангулем герцогтары
  • Польша королі
  • Ұлы Литва князы
Негізін салушысыКарл де Валуа
Соңғы билеушісіГенрих III
Негізі салынған жыл1270
Ыдырауы1589
Ұлтыфранцуздар
Кейінгі әулет өкілдері
  • Үлкен тармағы
  • Анжуй тармағы
  • Бургундия тармағы
    • Брабант тармағы
    • Невер тармағы
  • Берри тармағы
  • Алансон тармағы
  • Орлеан тармағы

Валуа әулетінің өкілдері Капетин үйінің кіші тармағы Бурбондар әулеті алмастырғанша француз тағын 1328-ден 1589-ға дейін иемденді.

Де Валуа графтары

Тұңғыш де Валуа графтары де Валуа-Вексен-Амьен үйінің өкілдері болды (Капетиндер әулетінің кіші желісінің біреуі Францияның жесір королевасы Анна Ярославнаға үйленген). Осы рудың соңғы өкілі монахша шаш алды, ал Валуа графтығы апайының күйеуі Каролиндер әулетінің кіші желісі Гербертиндер үйінен шыққан граф Герберт IV де Вермандуаға өтті. Олардың мұрагер-қызы I Анри патшаның ұлы де Вермандуа графы, Ұлы Гугоға тұрмысқа шығып, оған Валуа және Вермандуа графтықтарын жасау ретінде әкелді. Бұл некеде 6-буынға дейін капетин руының де Вермандуа графтары шықты, осыдан соң Валуа графтығы 1215 жылы II Филипп Август патша королдік иелікке қосты.

Король Батыл III Филипп 1285 жылы ұлы Шарльге кеңейтілген Валуа графтығын берді. Карл, де Валуа графы - король IV Филипптің бауыры, Валуа үйінің негізін қалаушысы болды, ал оның ұлы VI Филипп француз тағына отырып, королдік Валуа әулетін құрды. 1280 жылы Рим Папасы V Мартин Арагон патшалығын Карл де Валуаға сыйлады, алайда ол 1290 жылы бұл сыйлықтан бас тартты. Алғашқы некесі Анжу мен Мэн графтығын әкелді. Екінші әйелі Екатерина де Куртененің құқықтары бойынша ол Константинополь императоры атағын алды. Карл ағасының билік еткен уақытта мемлекеттік істерге белсене араласып, 1325 жылы Ножанда қайтыс болды.

Валуа әулеті

Әдемі IV Филипптің үш ұлы ер бала қалдырмай қайтыс болғаннан кейін, Карл де Валуаның ұлы VI Филипп 1328 жылы Капетиндердің жақын ұрпағы ретінде саналып Францияның тағына келді. Валуа үйінің биіктеуі Англия мен Франция арасындағы ұзаққа созылған соғыстың себебі болды (Жүзжылдық соғыс). VI Филипптің 2 ұлы болды: Иоанн (болашақта II Жан) мен Филипп. Соңғысы 1375 жылы де Валуа графы және Орлеан герцогы деп жарияланды, бірақ ұрпақтарсыз қайтыс болды. 1350 жылдан 1364 жылға дейін билік еткен ІІ Жанның 4 ұлы болды, оның ішінде: оның мұрагері V Шарль мен кіші Бургундия үйінің негізін қалаушы, Бургундия герцогы Батыл II Филипп. V Шарльдің (1380 жылы қайтыс болған) VI Шарль мен принц Луи деген екі ұлдары болды.

Орлеан тармағы

Ханзада Луи Орлеан герцогы мен Ангулем және Валуа графы титулы мен жерлерін алды. Оның кезінде 1403 жылы Валуа графтығы герцог-пэрстық болды. Тарихта алғаш рет Орлеан герцогы ретінде белгілі Луи, ағасы VI Шарльдің бақытсыз билігі кезінде Бургундия герцогымен билікке қатысты дауласты, ал 1407 жылы оны өлтірді. Оның немересі Луи, Валуа және Орлеан герцогы, француздық Валуаның үлкен желісінің соңғы өкілі — VIII Шарль (VI Шарльден соң ұлы VII Шарль, содан соң оның ұлы XI Луи, VIII Шарльдің әкесі билік етті) қайтыс болған соң 1498 жылы Франция тағына XII Луи деген атпен келді және осылайша Валуаны тәжбен біріктірді. Ақырында Валуа Валуа үйінің ханзадаларына, сосын Бурбон үйіне сыйланды, бірақ әрқашан Орлеан герцогтығымен бірге болды. Орлеан үйі 1787 жылғы революция кезінде ғана Валуа герцогтық титулын жоғалтты, бірақ ішінара атаумен байланысты жерлерді сақтап қалды.

Ангулем тармағы

1407 жылы қайтыс болған Орлеан және Валуа герцогы, Ангулемдық Жанның кіші ұлының Шарль атты ұлы болды. Ал, оның ұлы баласыз Людовик XII дүниеден өткен соң І Франсуа деген атпен француз тағына отырды (1515). Оның ұлы ІІ Анридің төрт ұлы болды, оның үшеуі елді биледі (II Франсуа, IX Шарль, III Анри) және төртіншісі — Франсуа, Алансон герцогы (кейін Анжу). Олардың ешқайсысы заңды ұрпақ қалдырмады және 1589 жылы ІІІ Анридің өлімінен кейін француз тағына Капетиндерден тарайтын Бурбон әулетінің өкілі IV Анри ауысты. Валуа үйінің соңғы патшалардың қарындасы, Маргарита де Валуа, IV Анридің ажырасқан әйелі, 1615 жылы қайтыс болды. Ол Валуа әулетінің соңғы заңды ұрпағы болды.

Валуа үйінің тармақтары

  • Үлкен тармақ. Король V Шарльдің үлкен ұлы, король VI Шарльден тарайды. 1498 жылы тоқтады.
  • Алансон герцогтарының тармағы.Де Валуа графы Шарльдің кіші ұлы II Шарльдан тарайды. 1525 жылы тоқтады.
  • Анжуй герцогтарының тармағы. Король II Жанның екінші ұлы, Луиден тарайды. 1481 жылы тоқтады.
  • Берри герцогтарының тармағы. II Жанның үшінші ұлы, Берри герцогы Жаннан тарайды. 1416 жылы тоқтады.
  • Бургундия герцогтарының тармағы. II Жанның төртінші ұлы, Батыл II Филипптан тарайды. 1477 жылы тоқтады. Бұл тармақтың екі тармағы болды:
    • Брабант герцогтарының тармағы. Батыл Филипптың ұлы Антуаннан тарайды. Некесіз балалар қалдырған, Антуанның кіші ұлы Филипп Брабант қайтыс болған соң 1430 жылы тоқтады.
    • Невер графтарының тармағы. Батыл Филипптың ұлы, Филипптан тарайды. 1491 жылы тоқтады.
  • Орлеан герцогтарының тармағы. Король V Шарльдың екінші ұлы, Людовиктен тарайды. 1515 жылы тоқтады. Бұл тармақтың бір тармағы болды.

Бастардтар

Сонымен қатар, Валуа үйінен бірнеше некесіз тармақтар тарады:

  • Лонгвиль герцогтарының тармағы, Жан де Дюнуадан тарайды, XVII ғасырдың соңында тоқтады, соңғы өкілі — Мария де Немур.
  • Ангулем герцогтарының тармағы, король IX Шарль мен Мари Тушенің некесіз туған ұлы, Ангулем герцогы, Шарль де Валуадан тарайды.
  • де Валуа-Сен-Реми тармағы, II Анридің некесіз туған ұлынан тарайды, танымал өкілі — авантюрист Жанна Ламотт.

Валуа әулетінен шыққан королдердің тізімі (1328—1589)

Үлкен тармақ (1328—1498)

ПортретАтыБилік еткен уақыты
VI Филипп1 ақпан 1328 — 22 тамыз 1350
II Жан22 тамыз 1350 — 8 сәуір 1364
V Шарль8 сәуір 1364 — 16 қыркүйек 1380
VI Шарль16 қыркүйек 1380 — 21 қазан 1422
VII Шарль21 қазан 1422 — 22 шілде 1461
XI Луи22 шілде 1461 — 30 тамыз 1483
VIII Шарль30 тамыз 1483 — 7 сәуір 1498

Валуа әулетінің Орлеан тармағы (1498—1515)

ПортретіЕсіміБилік еткен уақыты
XII Луи7 сәуір 1498 — 1 қаңтар 1515

Валуа әулетінің Ангулем тармағы (1515—1589)

ПортретіЕсіміБилік еткен уақыты
I Франсуа1 қаңтар 1515 — 31 наурыз 1547
II Анри31 наурыз 1547 — 10 шілде 1559
II Франсуа10 шілде 1559 — 5 желтоқсан 1560
IX Шарль5 желтоқсан 1560 — 30 мамыр 1574
III Анри30 мамыр 1574 — 2 тамыз 1589

Тағы қараңыз

  • Франция монархтарының тізімі
  • Валуа (графтығы)
  • Де Валуа графтары мен герцогтары

Әдебиет

  • Валуа // Брокгауз бен Ефрон энциклопедиялық сөздігі : в 86 т. (82 т. и 4 доп.). — СПб., 1890—1907.

Сілтеме

Валуа әулетінің билеушілері

Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:House of Valois