Вирусты геморрагиялық қызба

ВГҚ-қоздырғыштары әртүрлі таралу механизмдерімен берілетін, клиникасында универсальды капилляротоксикодпен, геморрагиялық синдроммен және жалпы интоксикация бергілерімен берілетін жедел вирусты зоонозды аурулар тобы.

Бүйрек синдромымен өтетін геморрагиялық қызба (БСӨГҚ)

БСӨГҚ - РНҚ геномды вируспен шақырылатын, әр түрлі таралу механизмдерімен берілетін, өте жоғары қызбамен, айқын жалпы интоксикациямен,капилляротоксикоз дамуымен, геморрагиялық синдроммен және бүйрек синдромымен өтетін жедел вирусты табиғи-ошақты ауру.

Этиологиясы

БСӨГҚ қоздырғыштары Bunyviridae тұқымдасының, Ханта вирусының жаңа түрі. РНК-иномды вирус, диаметрі 85-110 мм, 8 сероварлары анық, қоршаған ортада тұрақты, төмен температурада ұзақ сақталады.

Эпидемиологиясы

Инфекция көзі: тышқан түріндегі кеміргіштер, сары тышқан, сұр және қара тышқанКеміргіштерде инфекция симптомсыз және ұзақ өтеді. Вирус нәжіспен, зәрмен, сілекеймен бөлінеді.Таралу механизмі: ауа-шаң, фекальды-оральды, қатынасКөбінесе 20-50 жас арасындағы ер адамдар ауырады. Ауру спороралық немесе топталған түрде жүреді, кейде эпидемиялық ошақтар болады.

Патогенезі

БСӨГҚ вирусының вадотропты әсері бар. Патогенез негізі: ұсақ тамырлар қабырғаларының жүйелі зақымдалуы (капиллярлар, артериялар, венулалар). Нәтижесінде: қоршаған тіндерде плазморея, айналысындағы қан көлемінің азаюы, қанның қоюлануы байқалады.Көбінесе айқын өзгерістер: бүйректе, бүйрек үсті безінде, гипофизда, ішектің шырышты қабатындаЖедел бүйрек жетіспеушілігінің дамуына каналшаларының басылуымен бірге пирамиданың аралық затының серозды-геморрагиялық ісігі әсер етеді.

Клиникасы

Инкубациялық кезең ұзақтығы 4-49 күн. 4 ауру кезеңі бар: қызбалы кезең (1-4 күн), олигуриялық кезең (4-12 күн), полиуриялық кезең (8-12 және 20-24 күн), реконвалесценцияҚызбалы кезең ұзақтығы 1-4 күн, жедел басталады. Жоғары температура (38,5-40С), бас ауруы,геморрагиялық синдром белгілері (экзантемалар, теріде,склерада қан құйылулар), денеде петехиальды бөртпелер, аздап протеинурия байқалады.Олугуриялық кезең ұзақтығы 4-12 күн, белде қатты ауырсыну, бас ауруы, құсу, қайталамалы, геморрагиялық синдромның күшеюі (мұрыннан, асқазан-ішектен қан кету, склераға қан құйылу, қан түкіру), гипотония, брадикардия, протеинурия, гипоидостенурия, гематурия, цилиндрурия, бүйрек эпителиінің клеткалары, биохимиялық өзгерістер: қалдық азот, мочевина, креатинин, гиперкалиемияПолиуриялық кезең:

  • науқастың жағдайы жақсарады
  • полиурия (тәулігіне 5-8 л)
  • гипоидостенурия

Реконвалесценция кезеңі полиурия азаяды. Инфекциядан кейін астения ұзақ сақталады.Аурудың 3 дәрежесі бар: жеңіл, орташа, ауыр

Асқынулары:инфекция-токсикалық шок, жедел бүйрек жетіспеушілігі, өкпе ісінуі, уремиялық кома, миға, бүйрек безіне қан құйылу

Диагностика

Kлиникалық белгілері, эпидемиялық анамнез, бүйрек қызметінің бұзылу көрсеткіштері, серологиялық диагностика, РНИФ жұп сарысу культурасы диагностика әдісі

Емі

Бүйрек қызметінің жүйелі бақылауымен стационарға госпитаизациялау, төсектік режим, диета-стол №4, патогенетикалық ем (дезинтоксикация, глюкокортикостероидтар 10-12 мг/кг), этиотропты ем (виразол к/т, рибамидил 15 мг/кг 5 күн), симтоматикалық ем.

Алдын алу

Бейспецификалық кез келген дала жұмыстарында инфекцияланған активті ошақтары бар жерлерде жеке басының қорғанысын сақтау.

Қырымдық геморрагиялық қызба (ҚГҚ)

ҚГҚ-кене арқылы берілетін, ауыр интоксикация және айқын геморрагиялық синдроммен сипатталатын вирусты табиғи-ошақты ауру.

Hyalomma кенесі

Этиологиясы

РНК-иномды Nairevirus, Bunyaviredae тұқымдасы. Сыртқы ортада төзімсіз. Қайнатқанда вирус бірден өледі, 45С-2 сағаттан кейін.

Эпидемиологиясы

Инфекция көзі, жабайы және үй жануарлары (сиыр, ешкі, қоян, т.б.) және кенелер. Tрансмиссивті, контактылы, аэрогенді жолдармен тарайды.Көбінесе ауыл адамдары ауырады. Жұғу мерзісі-көктем, жаз.

Патогенезі

Вирус қанға өтеді → мононуклеарлық фагоцит жасушаға өтеді, нәтижесінде вирусемия → гематогенді диссеминация нәтижесінде капилляротоксикоз → қанның қоюлануы → әртүрлі зақымданулар (бауыр некрозы, миокардта, бүйректе, бүйрек үсті безінде дистрофиялық өзгерістер)

Клиникасы

инкубациялық кезең 2-14 күн. Ауру кезеңі: бастапқы, өршу, реконвалесценция.Бастапқы кезең ұзақтығы 3-6 күнде қышу, жоғары температура 39-40С, миалгия, артралгия, бас ауруы, іште және белде ауырсыну, пастернацкий симптомы оң, құсу, гипотения байқалады.

Өршу кезеңі ұзақтығы 2-6 күн.

  • геморрагиялық синдром (петехиальды бөртпелер, қан кетулер)
  • акрацианоз, гипотения, тахикардия
  • менингиальды симптом
  • олигурия, микрогематурия, гипоидостенурия, азотемия

Реконвалесценция кезеңі 1-2 ай

  • астеникалық симптомокомплекс
Қырым қанды қызбасымен ауырған науқас

Диагностика

Клинико-эпидемиологиялық мәліметтері бойынша:

  • вирусологиялық реакция
  • серологиялық терапия

Емі

Cпецификалық терапия

  • реконвалесцен (100-300 есе) дозасында қан плазмасы немесе сары су
  • гипериммунды спецификалық-глобулин 5,0-7,5 ми дозасында
  • дезинтоксикация
  • гемостатикалық
  • шокқа қарсы

Алдын алу

Инективирленген вакцина. 3 жыл қатар вакцина тағайындалады.

Омбылық геморрагиялық қызба (ОГҚ)

ОГҚ-қызба, тамыр жүйесінің орталық және вегетативті жүйке жүйесінің зақымдалуымен сипатталатын жедел трансмиссивті арбовирусты ауру.

Этиологиясы

Қоздырғыш-арбовирус, Todaviridac тұқымдасы.

Эпидемиологиясы

Инфекция көзі-ондатрлар, су тышқаны, басқа да кеміргіштер. Тасымалдаушылар-кенелер.Берілу жолы: трансмиссивті, контактылы. Мезгілі-көктем, жаз.

Патогенезі

Tолық анықталмаған. Kапилляротоксикоз → орталық жүйке жүйесіне және вегетативті жүйке жүйесінің зақымдануы

Емі

Патогенетикалық және симптоматикалық терапия.

Дереккөздер

  • Жұқпалы аурулар. А.Қ.Дүйсенова. Алматы – 2009 жыл.