Витор Баия

Витор Мануэл Мартинш Баия (порт. Vítor Manuel Martins Baía; 15 ақпан 1969, Сан-Педру-да-Афурада) — португалиялық футболшы, қақпашы.

Витор Баия Футбол
сурет
Жалпы мағлұмат
Туған күні

15 қазан 1969 (1969-10-15) (54 жас)

Туған жері

Сан-Педру-да-Афурада, Португалия

Азаматтығы

Португалия Португалия

Бойы

184[1]

Клуб жайлы ақпарат
Клуб

карьерасын аяқтады

Клуб карьерасы[* 1]
1988—1996Португалия Порту246 (-209)
1996—1999Испания Барселона39 (-36)
1998—1999  Португалия Порту16 (-?)
1999—2007Португалия Порту144 (-?)
Ұлттық құрамы[* 2]
1990—2002 Португалия80 (-47)

Карьерасы

"Порту" клубының түлегі. 1988 жылы осы клубта кәсіпқой карьерасын бастады. Әуелде поляк қақпашысы Йозеф Млынарчиктің орынбасары ретінде қосалқы құрамда отырып қалды. Бірақ 1989/90 жылғы маусымнан негізгі құрам қақпашысына айналды.

1996 жылғы Еуропа чемпионатынан соң "Барселонаға" ауысты. 1996/97 жылғы маусымда Испания чемпионатында бір рет қана алаңға шыққанына қарамастан, уақытының көбі жарақатын емдеумен өтті. Кейін клубқа Луи Ван Галь бапкер боп келген соң, негізгі құрамнан үмітін мүлде үзді де, 1998 жылы туған клубы "Портуға" жалға берілді.

1999 жылы қаңтарда "Барселонаға" қайта оралды. Бірақ бұл жолы дажарақат алып, ота жасатты да, уақытының көбі сонымен кетті.

2000 жылы жазда "Портуға" оралды. 2007 жылы карьерасын аяқтағанша ешқайда ауыспады.

1996, 2000 жылдары Еуропа чемпионатында негізгі құрамда ойнады. 2002 жылғы әлем чемпионатында да негізгі құрамда ойнады, бірақ Португалия топтан шыға алмады. Турнир біткен соң құрамадағы карьерасына нүкте қойды.

Жетістіктері

Командалық

«Порту»
  • Португалия чемпионы (10): 1989/90, 1991/92, 1992/93, 1994/95, 1995/96, 1998/99, 2002/03, 2003/04, 2005/06, 2006/07
  • Португалия кубогы (5): 1990/91, 1993/94, 1999/00, 2002/03, 2005/06
  • Португалия суперкубогы (8): 1990, 1991, 1993, 1994, 1996, 2003, 2004, 2006
  • Чемпиондар лигасы: 2003/04
  • УЕФА кубогы: 2002/03
  • Құрлықаралық кубок: 2004
«Барселона»
  • Испания чемпионы: 1997/98
  • Испания кубогы (2): 1997, 1998
  • Испания суперкубогы: 1996
  • Кубок иелері кубогы: 1996/97

Жеке

  • Порутгалияның үздік футболшысы (2): 1989, 1991
  • Клубтар маусымындағы үздік қақпашы: 2003/04
  • Еуропаның үздік қақпашысы: 2004

Дереккөздер

Сілтемелер