Габдулла Рухулұлы Шамуков

Габдулла Рухулұлы Шамуков (24 желтоқсан 1909 жыл, Уфа - 1981) - татар, башқұрт кеңес актері. РСФСР халық әртісі (1957). 1944 жылдан КПСС мүшесі.

Өмірбаяны

1930 жылы Башқұрттың өнер техникумын, одан кейін Қазандағы педагогикалық институтты бітірді. 1930-46 жылдары Башқұрттың М.Н.Ғафури атындағы драма театрында актер болып, Тоқай (Файзидің осы аттас пьесасында) және Подколесин (Гогольдің "Үйленуінде") рөлін орындады. Ол башқұрт (1940) пен татар (1947) театрында тұңғыш рет В.И.Лениннің сахналық тұлғасын жасады. 1946 жылы Татар драма театрының труппасына ауысты.

Рөлдері

Балтаев (Исанбеттің "Зифасында"), Дормидонт, Телятев(А.Островскийдің "Кешіккен махаббаты" мен "Құтырған ақшасында), Труффальдино (Гольдонидың "Екі мырзаға бір қызметкерінде") т.б. 1933 жылдан педагогикалық қызметпен және көркем сөз оқумен шұғылданады. У.Шекспирдің, Ф.Шиллердің, Эсхилдің, А.С.Пушкиннің трагедияларын, А.С.Грибоедовтың комедиясын татар тіліне аударды. Балаларға арнап бірқатар пьесалар мен актерлер туралы мақалалар жазды. 1964 жылы және 1972 жылы гастрольдік сапармен Алматыда өнер көрсетті.

Сыйлықтары

1966 жылы Ленин ордені, 1957 жылы РСФСР Халық артисі,1980 жылы КСРО Халық артисі және басқа медальдармен марапатталған[1]

Дереккөздер

🔥 Top keywords: Мәңгілік бала бейнеАбай ҚұнанбайұлыТабиғи ресурстарды ұтымды пайдалануШоқан Шыңғысұлы УәлихановТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыҚазақстанБауыржан МомышұлыҚазақстан географиясыҒылыми-техникалық революцияСемей полигоныБасты бетҚазақстанның экологиялық проблемаларыҰлы Жібек жолыБактерияларЭкологиялық жүйеҚазақстанның сыртқы саясатыҚазақстандағы туризмБіріккен Ұлттар ҰйымыЖалпы Ұлттық ӨнімШанхай Ынтымақтастық ҰйымыДүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыруПопуляцияШәкәрім ҚұдайбердіұлыМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміҚожа Ахмет Ясауи кесенесіЖалпы ішкі өнімБесеудің хатыЕкінші дүниежүзілік соғысСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыҚазақстанның географиялық орны мен шекараларыДамушы елдерХалықаралық ұйымдарЫбырай АлтынсаринЭкологиялық проблемаАрнайы:ІздеуБайқоңыр (ғарыш айлағы)Қаныш Имантайұлы СәтбаевВирустарТуризм