Говь Алтай аймағы

Говь алтай аймағы (моңғ. Говь Алтай аймаг) Моңғолияның оңтүстік батысында орналасқан. Аймақ орталығы Алтай қаласы.

Говь Алтай аймағы
-{Говь Алтай аймаг}-
Говь Алтай аймағы БайрағыГовь Алтай аймағы Үлкен мөрі
Карта
Карта
Құрылу1940
ЕлордасыАлтай
Аумағы141,400 км²
Жұрты
 • Барлығы (2000)
 • Жұрт тығыздығы

63,673
0,45/км²
Телефон белгілемесі+976 (0)148
Автомобилдік нөмірлерГОА
ISO 3166-2MN-065
Веб сайтwww.gobi-altai.gov.mn

Географиясы

Говь алтай аймағы Моңғолияның оңтүстік батысында орналасқан. Cолтүстігнде Завхан аймағы, батысында Ховда аймағы, шығысында Баян-Хонгор аймағы, оңтүстігінде ҚХР-ның ШУАР- мен шекараласады. Аймақ териториясы негізінен шөлейт болып келеді. Жерінің ортасымен Моңғол Алтайн жоталары солтүстік батыстан оңтүстік шығысқа қарай созылып жатар. Сутай, Бурхан Буудай, Алагхайрхан, Ажбогд, Гичгэнэ сияқты биік таулар бар. Қазба байлықтан таскөмір, бағалы тастар, табиғи құрлыс материалдары кездеседі.

Аймақ териториясынның солтүстігінде Завхан өзені ағады. Зүйл, Сагсай сияқты арнасына сіңетін өзендер, Ихэс нуур көлі, Шарга нуур көлі, Тонхил нуур көлідері бар . Говь Алтай аймағы жер көлемі жағынан Моңғолияда екінші орында.

Адам саны

Халық санағы бойынша 2020 жылғы Говь-Алтай аймағында тіркелген 57.7 мың болуы 2010-2020 жыл арасында яғни 10 жыл ішінде 3.9 мың адаммен өскен. Халықтың 49.8 пайызы ерлер, 50.2 пайызы әйелдер. Гови-Алтай аймағына қатысты адам санының 99.3 пайызын Қалқалар, алдыңғы санақтан 0.7 пунктпен өскен. Және Захчин-0.2 , Дөрвөд 0,1 , Қазақ-0.1 , Баяд 0.1, Торғауыт -0.1 басқа этностар 0.2 пайызын құрайды. 2020 жылғы санақ бойынша саналған 16.1 мың түтін үйдің 33.1 пайызы қалада, 66.9 пайызы шалғай ауылдарда өмір сүреді.

Жануар - өсімдік

Алтай алдыңғы жағы шөлейіт қоңыр сұры, топырақ, таулы жерлерде таудың қара және таудың күрең топырақты, солтүстікте күрең топырақты, Алтай оңтүстігінде шөл дала өсімдіктері бар, таулы аймақта таудың кер, солтүстікте кер дала өсімдігі тараған.

Сумындары

Сумындары
  • Алтай сум
  • Баян-Уул сум
  • Бигэр сум
  • Бугат сум
  • Дарви сум
  • Дэлгэр сум
  • Есөнбулаг сум
  • Жаргалан сум
  • Тайшир сум
  • Тонхил сум
  • Төгрөг сум
  • Халиун сум
  • Хөхморьт сум
  • Цогт сум
  • Цээл сум
  • Чандмань сум
  • Шарга сум
  • Эрдэнэ сум


Үлгі:Моңғолия