Дакота Джонсон

Дакота Майи Джонсон (ағылш. Dakota Mayi Johnson ; 1989 жыл 4 қазан) – америкалық актриса әрі модель.

Дакота Джонсон
ағылш. Dakota Johnson
Сурет
Жалпы мағлұмат
Туған кездегі есімі

Дакота Майи Джонсон

Туған күні

4 қазан 1989 (1989-10-04) (34 жас)

Туған жері

Остин, Техас, АҚШ

Азаматтығы

 АҚШ

Мамандығы

актриса, модель

Белсенді жылдары

1999 - қазіргі күндер

Марапаттары

Мисс "Алтын Глобус"

IMDb

ID 0424848

Ерте өмірі

Дакота Джонсон актер Дон Джонсон мен Мелани Гриффит отбасысында, Остин, АҚШ, 4 қазан 1989 жылы туылды. Ол актриса Типпи Хедреннің немересі болып табылады. Ата-анасы ажырасқаннан кейін, Антонио Бандерас оның өгей әкесі болды.

Дакота Джонсон «Aspen Community School» мектебінде оқыды.

Модель бизнесіне тұңғыш рет 12 жасында қызығушылықты танытты. Осы кезде ол басқа да әйгілі адамдардың балаларымен бірге Teen VOGUE журналының фото түсіріліміне қатысты.

Мансабы

1999 жылы ол кішігірім рөлмен «Ережесіз әйел» фильмінде сынапқа шақты . Осы жерде оның әпкесі Стелла Бандерас та ойнапты . Олар басты әйел кейіпкердің қаздарын ойнады . Олардың анасы – Мелани Гриффит осы басты рөлді ойнаса, Антонио Бандерас фильмнің режиссері болды.

2006 жылы ол Мисс «Алтын Глобус» атағына ие болды. Бұл мәртебе әйгілі адамдардың балаларына беріледі.

2006 жылы Дакота IMG Models-пен келісімшартқа қол қояды. 2009 жылы болса, Дакота модель ретінде Mango бірлестігінің джинс желісіне қатысады.

Орта мектепті бітіріп ол William Morris Agency-мен келісімшарт орнатып, актерлік мансабын бастайды. 2010 жылы түсірілген «Әлеуметтік желі» оның тұңғыш фильмі болды. Фильм Оскардың 8 номинациясына ие болды, осының ішінде үздік фильм.

2012 жылы Дакота Э.Л.Джеймстің «Сұрдың елу реңкі» бестселлерінің экрандауындағы Анастейша Стил рөліне ие болды.

Жеке өмірі

Дакота актер Джордан Мастерсонмен кездесіп, 2014 жылы онымен айырылысады. Шамамен 2014 жылдың көктемінен бастап Дакота музыкант әрі модель Мэттью Хитпен кездеседі, бірақ 2015 жылдың қаңтар айында Дакота Мэтьюмен де айырылысады.

Фильмография

ЖылыҚазақша атауыШынайы атауыРөлі
1999Ережесіз әйелCrazy in AlabamaСондра
2010Әлеуметтік желіThe Social NetworkАмелия Риттер
2010Жылтырағанның бәріAll That GlittersДианция
2011Қорқынышты сұлуBeastlyСлоан Хаген
2012Эллен үшінFor EllenКинди
2012ЕшкілерGoatsМинни
2012Джамп көшесі, 2121 Jump StreetФьюгэзи
2012Кішкене үйленгенThe Five-Year EngagementОдри
2012—2013Бен мен КейтBen and KateКейт Фокс
2013КеңсеThe OfficeДакота
2014Менің досым – гейDate and SwitchЭм
2014Жылдамдыққа аңсауNeed for SpeedАнита
2015Сұрдың елу реңкіFifty Shades of GreyАнастейша Стил
2015ЦимбелинCymbelineИмоджен
2015Хлоя мен ТеоChloe and TheoХлоя
2015Қара салмақBlack MassЛиндси Кир
2015Үлкен шалпA bigger splashПенелопа
2016Қалай жалғыз болу керекHow to Be SingleЭлис
2016Елу реңге қараңғылауFifty Shades DarkerАнастейша Стил
2017Бостандықтың елу реңіFifty Shades of FreedАнастейша Грей