Дала шиесі

Дала шиесі
Дала шиесі
Дала шиесі
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі:Өсімдіктер
Бөлімі:Гүлді өсімдіктер
Табы:Қос жарнақтылар
(unranked)Core eudicots
Сабы:Rosales
Тұқымдасы:Rosaceae
Тегі:Prunus
Кіші тегі:Cerasus
Түрі:P. fruticosa
Екі-есімді атауы
Prunus fruticosa
Pall.
Синонимдері
  • Cerasus fruticosa

Дала шиесі (Prunus fruticosa ) – раушангүлділер тұқымдасы шие туысына жататын көп жылдық бұта. Қазақстанның далалы, орманды-далалы аймақтары мен жалпақ жапырақты ағаш ормандарында, әсіресе, Тобыл, Есіл, Ертіс өзендерінің арнасы мен жағасында өседі. Биіктігі 0,2 – 1, кейде 2 м, өте жиі өскен бұтақтары бөрікбасына тығыз орналасады. Өркендері шыбықтәрізді жіңішке, жас кезінде түкті, өсе келе түктері түсіп қалады. Жапырағы ұзынша келген, үстіңгі беті күрең жасыл, жылтыр, астыңғы жағы ақшыл. Ақ гүлі қос жынысты, 3 – 4-тен топталып шатырша гүлшоғырына жиналған. Сәуірмамырда гүлдеп, шілдеде жемісі піседі. Жемісі шырынды, сүйекті, ұзындығы 8 – 12 мм-дей. Жемісі жеуге жарамды, түрлі сусындар дайындауға пайдаланылады. Бал арасы гүлінен бал жинайды. Құрғақшылыққа, суыққа төзімді сорттар шығару үшін селекциялықмаңызы зор.

[1]

Дереккөздер


🔥 Top keywords: Мәңгілік бала бейнеАбай ҚұнанбайұлыТабиғи ресурстарды ұтымды пайдалануШоқан Шыңғысұлы УәлихановТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыҚазақстанБауыржан МомышұлыҚазақстан географиясыҒылыми-техникалық революцияСемей полигоныБасты бетҚазақстанның экологиялық проблемаларыҰлы Жібек жолыБактерияларЭкологиялық жүйеҚазақстанның сыртқы саясатыҚазақстандағы туризмБіріккен Ұлттар ҰйымыЖалпы Ұлттық ӨнімШанхай Ынтымақтастық ҰйымыДүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыруПопуляцияШәкәрім ҚұдайбердіұлыМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміҚожа Ахмет Ясауи кесенесіЖалпы ішкі өнімБесеудің хатыЕкінші дүниежүзілік соғысСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыҚазақстанның географиялық орны мен шекараларыДамушы елдерХалықаралық ұйымдарЫбырай АлтынсаринЭкологиялық проблемаАрнайы:ІздеуБайқоңыр (ғарыш айлағы)Қаныш Имантайұлы СәтбаевВирустарТуризм