Дебет

Дебет (лат. debet – ол борышты) – бухгалтерлік есепшоттарының сол жақтағы бөлігі. Бухгалтердің есеп шоттарында шаруашылық операциялары екі қайтара жазу тәсілімен тіркеледі‚ бұл орайда олардың әрқайсысының сомасы бір мезгілде екі шот бойынша – бірінің дебеті‚ екіншісінің кредиті бойынша жазылады. Актив шоттарда дебет бойынша басқа кәсіпорындар мен жекелеген тұлғалардың осы кәсіпорынға берешегі‚ яғни дебиторлық берешек дейтін көрсетіледі. Дебеттік қалдық актив және актив-пассив шоттарда болады.[1]

Ақшаның, тауар-материалдық құндылықтардың‚ т.б. қозғалысының жай-күйін тіркеу үшін пайдаланылатын шоттардың дебетнде әр айдың басында осы құндылықтардың бар-жоғы және ай бойына келіп түсуі көрсетіледі. Қаражат көздерінің жай-күйін және түсуін тіркеуге пайдаланылатын шоттардың дебетінде осы көздердің азаюын туғызатын операциялар көрсетіледі. Бухгалтерлік есепте әрбір операция екі рет: бір шоттың дебетінде және екінші шоттың кредитінде жүргізіледі. Активте дебет көбеюді, ал пассивте – азаюды білдіреді.[2][3]

Дереккөздер


🔥 Top keywords: Мәңгілік бала бейнеАбай ҚұнанбайұлыТабиғи ресурстарды ұтымды пайдалануШоқан Шыңғысұлы УәлихановТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыҚазақстанБауыржан МомышұлыҚазақстан географиясыҒылыми-техникалық революцияСемей полигоныБасты бетҚазақстанның экологиялық проблемаларыҰлы Жібек жолыБактерияларЭкологиялық жүйеҚазақстанның сыртқы саясатыҚазақстандағы туризмБіріккен Ұлттар ҰйымыЖалпы Ұлттық ӨнімШанхай Ынтымақтастық ҰйымыДүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыруПопуляцияШәкәрім ҚұдайбердіұлыМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміҚожа Ахмет Ясауи кесенесіЖалпы ішкі өнімБесеудің хатыЕкінші дүниежүзілік соғысСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыҚазақстанның географиялық орны мен шекараларыДамушы елдерХалықаралық ұйымдарЫбырай АлтынсаринЭкологиялық проблемаАрнайы:ІздеуБайқоңыр (ғарыш айлағы)Қаныш Имантайұлы СәтбаевВирустарТуризм