Дельфин оқиғасы 2

«Дельфин оқиғасы 2» (ағылш. Dolphin Tale 2) — «Дельфин оқиғасы» фильмінің жалғасы, отбасылық драма. Шынайы оқиғаға негізделіп түсірілген америкалық, Уинтер дельфинінің тағдыры жайлы фильм. Тұсаукесері 2014 жылғы 12 қыркүйекте болды. Басты рөлдерді алдыңғы фильмдегі актерлер ойнайды, екінші бөлімінде қосалқы рөлдерге бірнеше жаңа актерлер келген.

Дельфин оқиғасы 2
Dolphin Tale 2
Фильмнің постері
Жанры

драма, отбасылық

Режиссёрі

Чарльз Мартин Смит

Продюсері

Роберт Энгелман
Бродерик Джонсон
Эндрю Косов

Сценарийдің авторы

Чарльз Мартин Смит

Басты рөлдерде

Натан Гэмбл
Морган Фримен
Кози Цуельсдорфф
Гарри Конник кіші
Эшли Джадд
Крис Кристофферсон

Операторы

Дарин Окада

Композиторы

Рэйчел Портман

Кинокомпания

Warner Bros.
Alcon Entertainment

Ұзақтығы

107 минут

Бюджеті

36 млн $

Кассалық түсімі

54,75 млн $

Мемлекет

 АҚШ

Тілі

ағылшын

Шыққан жылы

2014

Алдыңғы фильм

Дельфин оқиғасы

IMDb

ID 2978462

http://www.dolphintale2.com

Сюжет

Бірінші фильмнің оқиғасынан бірнеше жыл өткен соң, Уинтер дельфинінің акуариумдегі құрбысы, қартайған Панама дельфині қайтыс болады. АҚШ ауыл шаруашылығы министрлігінің заңы бойынша Уинтерді акуариумде жалғыз ұстауға болмайды. Сондықтан Clearwater Marine Aquarium ұжымында Уинтерге жаңа серіктес дельфин табуға 30 күн уақыты бар. Таба алмаған жағдайда Уинтерді басқа акуариумге алып кетеді. Панаманың өлімінен кейін Уинтер қатты күйзеліске түседі, өмірге, ойынға, тамақ қабылдауға деген барлық қызығушылығын жоғалтады. Ол күйзелістің кесірінен ол жасанды құйрығын киюге бас тартады. Бір күні жаңа жасанды құйрық үшін дельфиннің құйрығының өлшемін алу мақсатында бүкіл топ оның жанына жиналады. Бірақ Уинтер бұған қарсы болып, Сойерді құйрығымен ұрып жібереді. Сойер қолын зақымдап алады, бұл оқиғадан кейін оған Уинтермен жүзуге тиым салынады. Бір күні Хейзел мен Сойер бассейнді тазалап жүргенде, Хейзел Уинтерді босатып жібереді, Сойер онымен бірге жүзеді, екеуінің достығы қайтадан қалпына келеді. Бірақ Уинтерді Техасқа алып кететіні туралы хат келеді.Фильмнің басында акуариумға жағажайға шығып қалған Мэнди дельфинін көрсетеді. Оның денесін күйік шалған. Бүкіл акуариум ұжымы ол дельфин акуариумде қалып, Уинтермен бірге болатынына қатты сенген. Бірақ Мэнди ауруынан айығып, балықты өз күшімен аулауға шамасы келеді. Дәрігер Клэй Хаскет оны босату туралы шешім қабылдайды. Бұл шешімнен кейін Хейзел әкесіне қатты ренжиді, өйткені Мэндиді босатып жіберсе Уинтер жалғыз қалады. Мэндиді бостандыққа, ашық мұхитқа жібереді.Фильм барысында Сойерді жабайы дельфиндерді зерттеуге, мұхитқа 3 айлық саяхатқа шақырады. Оның барлық отбасы мүшелері мақұлдайды, тек Сойер жауап беруге қиналып, жауапты созып жібереді. Өйткені Уинтерді мұндай жаман хәлде тастап кете алмайды. Оған арналған сауық кешінде дәрігер Клэйге кішкентай дельфинді тауып алғанын хабарлайды.Оны жедел түрде Теңіз Жануарлары Ауруханасына жеткізеді. Ол аман қалады, оның атын Хоуп деп қояды. Ол өте кішкентай, өздігінен балық аулай алмайтын, ашық мұхитқа шыға алмайтын дельфин болғандықтан оны акуариумде қалдырады. Алғашында Уинтер мен Үміт тіл табыса алмайды. Бірақ кейін екеуі тіл табысып кетеді. Уинтер жаңа жасанды құйрық киюге келіседі. Фильм Сойердің көлікпен қаладан 3 айға кетіп бара жатқанымен, Хейзел оған әдемі қоштасу тілегін білдіруімен аяқталады. Хейзел оған дельфиндермен бірге түскен суретін жібереді. Фильмде дельфиндердің оқиғасымен қатар тасбақа мен бірқазанның оқиғасы көрсетіледі. Руфус бірқазаны фильмдегі ең күлкілі кейіпкер, ол өмірі бір нәрсемен айналасып жүреді.

Рөлдерде

АктерРөлі
Натан ГэмблСойер Нельсон
УинтерӨзі
ХоупӨзі
Морган Фримендәрігер Кеммерн МакКарти
Гарри Конник кішідәрігер Клэй Хаскет
Эшли ДжаддЛореан Нельсон
Кози ЦуельсдорффХейзел Хаскет
Крис КристофферсонРид Хаскет
Остин СоуэллКайл Коннеллан
Остин ХайсмитФиби
Бетси ЛэндинКэт
Джулия ДжорданМэнди (Мэнди дельфинін тапқан қыз)
Чарльз Мартин СмитДжордж Хаттон

Өндіріс

Маркетинг

  • Фильмнің алғашқы трейлері 2014 жылы 11 сәуірде Рио 2 мультфильмінің көрсетілімен бірдей, ал екінші трейлері 2014 жылы 13 маусымда Айдаһарды Қалай Қолға Үйрету 3 мультфильмімен бірдей шықты.

Сілтемелер

🔥 Top keywords: Мәңгілік бала бейнеАбай ҚұнанбайұлыТабиғи ресурстарды ұтымды пайдалануШоқан Шыңғысұлы УәлихановТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыҚазақстанБауыржан МомышұлыҚазақстан географиясыҒылыми-техникалық революцияСемей полигоныБасты бетҚазақстанның экологиялық проблемаларыҰлы Жібек жолыБактерияларЭкологиялық жүйеҚазақстанның сыртқы саясатыҚазақстандағы туризмБіріккен Ұлттар ҰйымыЖалпы Ұлттық ӨнімШанхай Ынтымақтастық ҰйымыДүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыруПопуляцияШәкәрім ҚұдайбердіұлыМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміҚожа Ахмет Ясауи кесенесіЖалпы ішкі өнімБесеудің хатыЕкінші дүниежүзілік соғысСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыҚазақстанның географиялық орны мен шекараларыДамушы елдерХалықаралық ұйымдарЫбырай АлтынсаринЭкологиялық проблемаАрнайы:ІздеуБайқоңыр (ғарыш айлағы)Қаныш Имантайұлы СәтбаевВирустарТуризм