Джейсон Момоа

Джозеф Джейсон Намакеаха Момоа (ағылш. Joseph Jason Namakaeha Momoa; 1979 жылы 1 тамызда Гонолулу, АҚШ-та өмірге келген) — актер. Ең әйгілі рөлдері: «Конан Варвар» фильмінде Конан, «Тақтар ойыны» телехикаясында Дрого, «Жұлдызды қақпа: Атлантида» телехикаясында Ронон Декс.

Джейсон Момоа
Jason Momoa
Сурет
Момоа 2017 жыл
Жалпы мағлұмат
Туған кездегі есімі

Джозеф Джейсон Намакеаха Момоа

Туған күні

1 тамыз 1979 (1979-08-01) (44 жас)

Туған жері

Нанакули, Гонолулу, АҚШ

Азаматтығы

 АҚШ

Мамандығы

актер

Белсенді жылдары

1999 - қазіргі уақыт

IMDb

ID 0597388

Өмірбаяны

1979 жылы 1 тамызда Гонолулу, Гавайида өмірге келген, содан кейін Норвол, Айова штатына көшіп анасымен тұрады. Колледждың соңғы сыныбында оқуын тоқтатып, Гавайиға оқуын бітіру үшін қайтып кетеді. Оны әйгілі дизайнер Такэо байқап, өзіне модель ретінде шақырады. 1999 жылы ол «Гавайиның үздік моделі» атағына ие болады және Гавайидағы «Miss Teen USA» байқауын жүргізген. 1999 жылы актер мансабын бастайды. «Малибу құтқарушылыры» телехикаясындағы 10-11 маусымында ойнаған. 2004 жылы «Джонс отбасының демалысы» фильмінде түседі. 2005 жылдан бастап «Жұлдызды қақпа: Атлантида» телехикаясында Ронон Декстың рөлін ойнайды. 2007 жылы Джонард Аланның «Pipeline», 2011 жылы «Конан Варвар» фильмінде басты рөлін сомдайды, ал 2010 жылы «Тақтар ойыны» телехикаясында.

Жеке өмірі

Джейсон Момоа - буддизмның ұстанушысы. Тибетке жиі барып тұрады. Жақсы көретін істері: тауға шығу мен сурет салу. Джесон Лиза Бонимен азаматтық некеде, екі баласы бар: Лола Иолани, Накоа Вулф

Фильмография

ЖылҚазақша атауыШын атыРөлі
19992001сМалибу құтқарушыларыBaywatchДжейсон Иоэйн
2003тфГавайи тағдырыBaywatch: Hawaiian WeddingДжейсон Иоэйн
2003тфБасы айналдырылғанTempterКала
2004фДжонс отбасының демалысыJohnson Family VacationНаварро
20042005сСолтүстік жағаNorth ShoreФрэнки Сью
20052009сЖұлдызды қақпа:АтлантидаStargate: AtlantisРонон Декс
2007фКаналPipeline
2009сОйынThe GameРоман
2010қысBrown Bag Diaries: Ridin' the Blinds in B MinorМайки
2011сIn the Qube 3D
2011фКонан-варварConan the BarbarianКонан
2011—2012сТақтар ойыныGame of ThronesКхал Дрого
2012фТоқтаусызBullet to the HeadКиган
2014фПаломаға жолRoad to PalomaВолк
2014сМас әңгімеDrunk HistoryДжим Торп
2014фҚасқырларWolvesКоннор
2014фРетке келтіруDebugЙэм
20142015сҚызыл жолThe Red RoadФиллип Копус
2015фҚант тауыSugar MountainДжо Брайт
2016фЖаман партияThe Bad BatchДжо
2016фБэтмен Суперменге қарсы: Әділет таңыBatman v Superman: Dawn of JusticeАртур Карри / Аквамен
20162018сШекараFrontierДеклан Харп
2017фБір күні ВенециядаOnce Upon a Time in VeniceӨрмекші
2017фӘділет Лигасы[1]The Justice League Part OneАртур Карри / Аквамен
2018фЖабайыBravenДжо Брейвен
2018фАкуамен (орыс.)[2]AquamanАртур Карри / Аквамен
2019мфЛего. Фильм 2The Lego Movie 2: The Second PartАртур Карри / Аквамен
2019 — қ.у.сКөруSeeБаба Восc
2021сЗак Снайдердің Әділет Лигасы[3]Zack Snyder's Justice LeagueАртур Карри / Аквамен
2021фДюнаDuneДункан Айдахо
2021фСүйкімді қызSweet GirlКупер

Дереккөздер