Дубний
Дубний (лат. Dybnіum; Db) — элементтердің периодтық жүйесінің ІV тобындағы жасанды радиоактивті химикалық элемент, трансуран элементтеріне жатады. Ат. н. 104. Массалық саны 254 — 261 аралығындағы 8 изотопы белгілі.
| |||||
Атом қасиеті | |||||
---|---|---|---|---|---|
Атауы, символ, нөмірі | Дубний, 105 | ||||
Топ типі | |||||
Топ, период, блок | 5, 7, d | ||||
Атомдық масса (молярлық масса) | |||||
Электрондық конфигурация | [Rn] 5f14 6d3 7s2 | ||||
Қабықшалар бойынша электрондар | 2, 8, 18, 32, 32, 11, 2 | ||||
Атом радиусы | 139 пм | ||||
Химиялық қасиеттері | |||||
Ковалентті радиус | 149 пм | ||||
Тотығу дәрежелері | (+3), (+4), +5 | ||||
Иондалу энергиясы | 1-ші: 665 кДж/моль (эВ) | ||||
Жай заттың термодинамикалық қасиеттері | |||||
Термодинамикалық фаза | |||||
Басқа да қасиеттері | |||||
CAS нөмірі | 53850-35-4 |
Олардың ішіндегі ең тұрақтысы 261Db (жартылай ыдырау уақыты 70 с). 1964 жылы 260Db (жартылай ыдырау уақыты 0,1 с) изотопын орыс ғалымы Г.Н. Флеров (1913 — 1990) бастаған ғалымдар 242Pu-ді 22Ne иондарымен атқылау нәтижесінде алды. 1969 жылы А.Гиорсо 246Cm, 248Cm және 249Cf изотоптарын 18О, 12С және 13С иондарымен атқылау арқылы 257Db (жартылай ыдырау уақыты 3 с) мен 259Db (жартылай ыдырау уақыты 4,5 с) изотоптарын алды. Д-дің тотығу дәрежесі +4. Химиялық қасиеттері гафнийге (Hf) ұқсас. Булану t 313С болатын Дубний хлориді белгілі.
Пайдаланған әдебиеттер
• Қазақ энцклопедиясы