Дәрібай Ханкерейұлы

Дәрібай Ханкерейұлы Ханкереев (1890, №24 ауыл, Елек уезі, Орал облысы, Ресей империясы2 наурыз 1938, Алматы, Қазақ КСР) — қазақ кеңестік саясаткер, мемлекет қайраткер.

Дәрібай Ханкерейұлы
Лауазымы
Ту
Ту
Қазақ АКСР жеңіл өнеркәсіп халық комиссары
Ту
Ту
тамыз 1932 — шілде 1933
ІзашарыЯков Беликов
ІзбасарыХасен Қошанбаев
Ту
Ту
Қазақ АКСР әлеуметтік қамсыздандыру халық комиссары
Ту
Ту
мамыр 1925 — қазан 1925
ІзашарыӘліби Жангелдин
ІзбасарыӘліби Жангелдин
Ақтөбе губерниялық атқару комитетінің төрағасы
2 желтоқсан 1923 — 24 наурыз 1924
ІзашарыТілеужан Мұқашұлы
ІзбасарыӘзімбай Лекерұлы
Өмірбаяны
ПартиясыБК(б)П (1920 ж. бастап)
Дүниеге келуі1890 (1890)
№24 ауыл, Елек уезі, Орал облысы, Ресей империясы
Қайтыс болуы2 наурыз 1938 (1938-03-02)
Алматы, Қазақ КСР

Өмірбаяны

1890 жылы Ресей империясының Орал облысы Елек уезінің 24-ауылында шаруа және қызметкердің отбасында дүниеге келген. Қазақ, БОАК ұйымдастыру бөлімінің сауалнама барағында қырғыз деп көрсеткен. 1920 жылдан бастап Коммунистік партияның мүшесі.

1905 жылы Електегі 2 сыныптық мектепті бітірген.

1906-1914 жылдары таратушы, аудармашы, түптеуші, іс жүргізуші қызметтерін атқарған.

1914-1917 жылдары іс жүргізуші болып жұмыс атқарып, 1917-1919 жылдары қожалықпен айналысты.

1920 жылдың ақпан-мамыр айларында ҚАКСР ІІХК нұсқаушысы болып жұмыс істеді.

1921 жылдың қазан-қарашасы — ҚАКСР ІІХК Елек БСК басқарма бөлімінің меңгерішісі болды.

1921 жылдың қарашасы – 1922 жылдың мамыры — ҚАКСР ІІХК басқарма бөлімінің меңгерішісі және ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі болды.

1922 жылдың қыркүйегінен 1923 жылдың қыркүйегіне дейін Қырғыз (Қазақ) АКСР Қырмилициясы басшысы, ҚАКСР ІІХК алқасының мүшесі.

1923 жылдың 2 желтоқсанынан бастап Ақтөбе губерниялық атқару комитетінің төрағасы.

1925 жылдың наурызына дейін Семей губерниялық революциялық комитет-атқару комитетінің төрағасы болды[1].

1925 жылдың мамыр-қазан айларында ҚАКСР әлеуметтік қамсыздандыру халық комиссары болды.

1925-1927 жылдары — «Қосшы» одағының төрағасы болды.

1927-1928 жылдары — Мақат мұнай кәсіпшілігі басшысының орынбасары болды.

1928-1929 жылдары — Гурьев округіндегі Доссор мұнай кәсіпшілігі басшысының көмекшісі болды.

1929-1932 жылдары — Гурьев қаласындағы «Ембімұнай» тресі басшысының орынбасары болды.

1932 жылдың наурыз-қазан айларында ҚАКСР жеңіл өнеркәсіп халық комиссарының бірінші орынбасары болды.

1932 жылдың тамызынан 1933 жылдың шілдесіне дейін ҚАКСР жеңіл өнеркәсіп халық комиссары болды.

1934 жылы — БК(б)П Маңғыстау, Форт-Александровский аудандық комитетінің жауапты хатшысы қызметін атқарды.

1937 жылы 23 қыркүйекте Гурьев облысы бойынша ІІХКБ қызметкерлерімен тұтқынға алынды. 1938 жылы 2 наурызда КСРО Жоғарғы Сотының Әскери алқасы РКФСР Қылмыстық кодексінің 58-2, 58-7, 58-8, 58-11-баптарында көзделген қылмыстар туралы айыпты дәлелденген деп танып, оған ең қатаң жазалау шарасы жайлы үкім шығарды. Үкім шығарылған күні атылды[2]. 1959 жылы 19 ақпанда КСРО Жоғарғы Сотының Әскери алқасы: қылмыс құрамының жоқтығы үшін ақтады[3].

Қоғамдық жұмысы

  • 1920 жылы болыстық, 1920 және 1921 жылы уездік, 1921 жылы губерниялық, 1924 жылы бүкілресейлік Кеңестер съездеріне қатысушы.
  • 1921 жылы мамыр-шілде. Орал губерниялық атқару комитетінің хатшысы.
  • 1924 жылдың 13 қаңтарынан бастап Қырғыз орталық атқару комитетінің мүшесі.

Сілтеме

Дереккөздер

🔥 Top keywords: Мәңгілік бала бейнеАбай ҚұнанбайұлыТабиғи ресурстарды ұтымды пайдалануШоқан Шыңғысұлы УәлихановТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыҚазақстанБауыржан МомышұлыҚазақстан географиясыҒылыми-техникалық революцияСемей полигоныБасты бетҚазақстанның экологиялық проблемаларыҰлы Жібек жолыБактерияларЭкологиялық жүйеҚазақстанның сыртқы саясатыҚазақстандағы туризмБіріккен Ұлттар ҰйымыЖалпы Ұлттық ӨнімШанхай Ынтымақтастық ҰйымыДүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыруПопуляцияШәкәрім ҚұдайбердіұлыМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміҚожа Ахмет Ясауи кесенесіЖалпы ішкі өнімБесеудің хатыЕкінші дүниежүзілік соғысСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыҚазақстанның географиялық орны мен шекараларыДамушы елдерХалықаралық ұйымдарЫбырай АлтынсаринЭкологиялық проблемаАрнайы:ІздеуБайқоңыр (ғарыш айлағы)Қаныш Имантайұлы СәтбаевВирустарТуризм