Евно Фишелевич Азеф


Евно Фишелевич (Евгений Филиппович) Азеф (18691918) – эсерлер партиясын ұйымдастырушылардың және оның басшыларының бірі.

Арандатушы, 1892 жылдан бастап полицияның жалдамалы тыңшысы. 1899 жылы «Социал-революционерлердің солтүстік одағына» қосылды. 1901 жылы партияның әскери ұйымын басқарды. Үкімет адамдарын өлтіру жөніндегі зұлымдық әрекеттерге басшылық етті. 1901 жылы Харьковте эсерлер партиясы өкілдерінің съезі болып жатқанын полицияға хабарлады. 1905 жылы «әскери ұйым» құрамының денін полицияға ұстап берді. 1908 жылы Азефтің сатқындығымен «әскери ұйымның» 7 мүшесі азаптап өлтірілді. 1908 жылы қылмысы ашылды. Эсерлер партиясының Орталық Комитеті Азефті өлім жазасына кесті. Бірақ ол жасырынып үлгерді. 1-ші дүниежүзілік соғыста орыс тыңшысы болды. 1915 жылы Германияда ұсталды. 1917 жылы абақтыда отырды. Берлинде қайтыс болды.[1]

Дереккөздер

Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Евно Азеф


🔥 Top keywords: Мәңгілік бала бейнеАбай ҚұнанбайұлыТабиғи ресурстарды ұтымды пайдалануШоқан Шыңғысұлы УәлихановТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыҚазақстанБауыржан МомышұлыҚазақстан географиясыҒылыми-техникалық революцияСемей полигоныБасты бетҚазақстанның экологиялық проблемаларыҰлы Жібек жолыБактерияларЭкологиялық жүйеҚазақстанның сыртқы саясатыҚазақстандағы туризмБіріккен Ұлттар ҰйымыЖалпы Ұлттық ӨнімШанхай Ынтымақтастық ҰйымыДүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыруПопуляцияШәкәрім ҚұдайбердіұлыМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміҚожа Ахмет Ясауи кесенесіЖалпы ішкі өнімБесеудің хатыЕкінші дүниежүзілік соғысСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыҚазақстанның географиялық орны мен шекараларыДамушы елдерХалықаралық ұйымдарЫбырай АлтынсаринЭкологиялық проблемаАрнайы:ІздеуБайқоңыр (ғарыш айлағы)Қаныш Имантайұлы СәтбаевВирустарТуризм