Жасымық

Жасымық (лат. Lens) – бұршақ тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдік. 10-ға жуық түрі бар. Қазақстанда шығыс жасымығы (L. prіentalі») және тағамдық немесе кәдімгі Жасымық (L. culіnarі) өседі. Кәдімгі Жасымық суыққа төзімді, ылғалды көп қажет етеді. Өсіп-өну кезеңі 75 – 115 тәулік. Өздігінен тозаңданады. Қара топырақта жақсы өседі. Жасымық дәнінде 35% белок, 60% крахмал, 2,5% май болады. Дәнінен жарма, ұн, т.б. жасайды. 1 га-дан 15 – 25 ц дән жиналады. Жапырағы мен сабағын және ұсақ дәнді сортының дәнін малға азық ретінде пайдаланады. Жасымыққа отамалы және күздік дәнді дақылдар алғы дақыл болып табылады. Дәнін қатарлап (тұқым себу нормасы 0,7 – 1,7 ц/га), 3 – 5 см тереңдікте егеді. Бөлектеп жинайды.
Зиянкестері: жасымық қоңызы, шалғын көбелек; аурулары: ақ зең аскохитоз, тат, т.б.[1][2]

Lens
азықтық жасымық
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі:Өсімдіктер
Бөлімі:Гүлді өсімдіктер
Табы:Қос жарнақтылар
(unranked)Core eudicots
Сабы:Fabales
Тұқымдасы:Fabaceae
Кіші тұқымдасы:Faboideae
Тайпасы:Fabeae
Тегі:Lens
Mill.
түрлері

5 түрі белгілі

Дереккөздер