Жезді марганец кен орны

Жезді марганец кен орны - Қарағанды облысы Ұлытау ауданында, Жезқазған мыс кен орнынан солтүстікке қарай 40 км жерде орналасқан. Кен орны 1941 жылы Қ.И. Сәтбаевтың басшылығымен жедел барланып, өндіріске қосылған.

Геологиялық құрылымы

Кен алаңы жоғарғы девонның ірі малталы конгломераттарынан, аркозды құмтастар мен кремнийлі әктастардан құрылған. Жезді кентінің маңайында бұл жыныстар Есқұл антиклиналінің оңтүстік-батыс қанатында орналасқан. Кен алаңын Жезді, Қарсақпай, Ағадыр сырғу жарылымдары оңтүстік-батыс, орталық және солтүстік-шығыс блоктарға бөледі.

Жатыс сипаты

Кен денелері тақта, линза және желі түрінде Үйтас қабатының конгломератында орналасқан. Солтүстік-батысқа қарай 5 км-ге созылып, екі қатар белдем құрайды, қалыңдығы солтүстік-батысында 120 м, оңтүстік-шығысында 40 м. Геологиялық қимасында 6-7 кен қабаттары бос жыныстармен кезектесе орналасқан. Кен қабаттарының қалыңдығы 1 – 12 м-ден 30 м-ге дейін, желілердің қалыңдығы 0,1 – 0,5 м.

Минералдары

Кен түзуші минералдар: браунит, гематит, магнетит, якобсит, псиломелан, пиролюзит және лимонит. Кентас сапасы өте жоғары.[1]

Дереккөздер


🔥 Top keywords: Мәңгілік бала бейнеАбай ҚұнанбайұлыТабиғи ресурстарды ұтымды пайдалануШоқан Шыңғысұлы УәлихановТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыҚазақстанБауыржан МомышұлыҚазақстан географиясыҒылыми-техникалық революцияСемей полигоныБасты бетҚазақстанның экологиялық проблемаларыҰлы Жібек жолыБактерияларЭкологиялық жүйеҚазақстанның сыртқы саясатыҚазақстандағы туризмБіріккен Ұлттар ҰйымыЖалпы Ұлттық ӨнімШанхай Ынтымақтастық ҰйымыДүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыруПопуляцияШәкәрім ҚұдайбердіұлыМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміҚожа Ахмет Ясауи кесенесіЖалпы ішкі өнімБесеудің хатыЕкінші дүниежүзілік соғысСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыҚазақстанның географиялық орны мен шекараларыДамушы елдерХалықаралық ұйымдарЫбырай АлтынсаринЭкологиялық проблемаАрнайы:ІздеуБайқоңыр (ғарыш айлағы)Қаныш Имантайұлы СәтбаевВирустарТуризм