Жел өрнегі

Жел өрнегі — көп жылдық бақылаулар нәтижесінде белгілі бір аймақтағы желдің басым бағытын көрнекі түрде көрсететін векторлық диаграмма. Әдетте, айлық, маусымдық және жылдық болып бөлінеді. Диаграмманың ортасынан түрлі бағытқа қарай тарайтын сәуле-сызық жүргізіледі. Сәуле-сызықтың ұзындығы желдің қайталану мөлшеріне пропорционал келеді. Әр кесіндінің ұштары түзу сызықтармен қосылады. Кейде, арнаулы жел өрнегі жасалады, мыс., сәуле-сызық бойына желмен бірге ауаның температурасы (термиялық жел өрнегі), жауын-шашын мөлшері түсіріледі.[1]

Жел өрнегі, әдетте, көп жылдық деректер негізінде айлық, маусымдық немесе жылдық кезеңге арналып жасалады. Шеңбер ортасындағы нүктеден, көкжиектің негізгі тұстарына шашырай бағытталған сәулелерден тұрады. Сәулелердің ұзындығы берілген бағытта соғатын желдердің қайталану жиілігіне пропорционал болады. Сәулелердің ұштары түзу сызықтармен қосылады.[2]

Дереккөздер