Жоғары температуралы реактор

Жоғары температуралы реактор – активті зонасының температурасы едәуір жоғары (700°С-тай) энергетикалық ядролық реактор. Термин шартты түрде алынған, негізінен қазіргі энергетикалық реакторлардың барлығы – жоғары температуралы. Жоғары температуралы реакторлы атом қондырғыларының пайдалы әрекет коэффициенті едәуір жоғары болады. Жоғары температуралы реакторды жасау – энергетикалық реактор жасауда келешегі бар бағыт; ол төте цикл бойынша жұмыс істейтін (Мысалы, газ турбинасында) реактор жасауға мүмкіндік береді. Жоғары температуралы реакторды, әдетте, графитті-газды реактор деп атайды. Графитті-газды реактор – нейтрон баяулатқыш ретінде графит, ал жылу тасымалдағыш ретінде газ (көміртегі диоксиді, гелий) қолданылатын жылулық нейтронды ядролық реактор. Газ-жылу тасымалдағышының жоғары температураға дейін қыза алатын мүмкіндігі графитті-газды реакторлы АЭС-тің пайдалы әрекет коэффициентін 40%-ке дейін және одан да жоғары көтеруге мүмкіндік береді. Графитті-газды реактор плутоний өндіруге, энергетикалық мақсатта, т.б. қолданылады.

Дереккөздер:

Қазақ ұлттық энциклопедиясы


🔥 Top keywords: Мәңгілік бала бейнеАбай ҚұнанбайұлыТабиғи ресурстарды ұтымды пайдалануШоқан Шыңғысұлы УәлихановТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыҚазақстанБауыржан МомышұлыҚазақстан географиясыҒылыми-техникалық революцияСемей полигоныБасты бетҚазақстанның экологиялық проблемаларыҰлы Жібек жолыБактерияларЭкологиялық жүйеҚазақстанның сыртқы саясатыҚазақстандағы туризмБіріккен Ұлттар ҰйымыЖалпы Ұлттық ӨнімШанхай Ынтымақтастық ҰйымыДүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыруПопуляцияШәкәрім ҚұдайбердіұлыМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміҚожа Ахмет Ясауи кесенесіЖалпы ішкі өнімБесеудің хатыЕкінші дүниежүзілік соғысСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыҚазақстанның географиялық орны мен шекараларыДамушы елдерХалықаралық ұйымдарЫбырай АлтынсаринЭкологиялық проблемаАрнайы:ІздеуБайқоңыр (ғарыш айлағы)Қаныш Имантайұлы СәтбаевВирустарТуризм