Жіктік жалғау

Жіктік жалғау - баяндауышқа ғана тән жалғау. Жіктік жалғау тек қана синтаксистік қызмет атқарады.

Жіктеу категориясы - қазіргі қазақ тілінде тек етістікке ғана тән қасиет емес, баяндауыш болып қызмет атқара алатын өзге де сөз таптарына, соның ішінде есімдерге де тән қасиет.

Жалғану жүйесі мен формалары

Қазақ тіліндегі сөздер төмендегідей төрт топқа бөлініп, төрт үлгі бойынша жіктеледі:

Бірінші топ

Бірінші топқа отыр, тұр, жүр, жатыр етістіктері, есімшелер, зат есімдер, сын есімдер, сан есімдер, есімдіктер, үстеулер жатады;

Үлгілер:
а) тұр, жүр.
ЖекешеКөпше
1-жақтұр-мын, жүр-мінтұр-мыз, жүр-міз
2-жақтұр-сың, жүр-сіңтұр-сыңдар, жүр-сіңдер
тұр-сыз, жүр-сізтұр-сыздар, жүр-сіздер
3-жақтұр, жүртұр, жүр
ә) Есімшелер: барған, келген; баратын, келетін; барар, келер;
бармақ(шы), келмек(ші).
ЖекешеКөпше
1-жақбарған-мын, келген-мінбарған-быз, келген-біз
2-жақбарған-сың, келген-сіңбарған-сыңдар, келген-сіңдер
барған-сыз, келген-сізбарған-сыздар, келген-сіздер
3-жақбарған, келгенбарған, келген
б) Зат есімдер:оқушы, мұғалім т. б.
ЖекешеКөпше
1-жақоқушы-мын, мұғалім-міноқушы(лар)-мыз, мұғалім(дер)-біз
2-жақоқушы-сың, мұғалім-сіңоқушы(лар)-сыңдар, мұғалім(дер)-сіңдер
оқушы-сыз, мұғалім-сізоқушы(лар)-сыздар, мұғалім(дер)-сіздер
3-жақоқушы, мұғалімоқушы(лар), мұғалім(дер)
в) Сын есімдер: аласа, үлкен т. б.
ЖекешеКөпше
1-жақаласа-мын, үлкен-міналаса-мыз, үлкен-біз
2-жақаласа-сың, үлкен-сіңаласа-сыңдар, үлкен-сіңдер
аласа-сыз, үлкен-сізаласа-сыздар, үлкен-сіздер
3-жақаласа, үлкеналаса, үлкен
г) Сан есімдер: оныншы, үшінші т. б.
ЖекешеКөпше
1-жақоныншы-мын, үшінші-міноныншы-мыз, үшінші-міз
2-жақоныншы-сың, үшінші-сіңоныншы-сыңдар, үшінші-сіңдер
оныншы-сыз, үшінші-сізоныншы-сыздар, үшінші-сіздер
3-жақоныншы, үшіншіоныншы, үшінші
ғ) Есімдіктер: қалай, кім т. б.
ЖекешеКөпше
1-жаққалай-мын, кім-мінқалай-мыз, кім-біз
2-жаққалай-сың, кім-сіңқалай-сыңдар, кім(дер)-сіңдер
қалай-сыз, кім-сізқалай-сыздар, кім(дер)-сіздер
3-жаққалай, кімқалай, кім(дер)
д) Үстеу: бірге
ЖекешеКөпше
1-жақбірге-мінбірге-міз
2-жақбірге-сіңбірге-сіңдер
бірге-сізбірге-сіздер
3-жақбіргебірге

Екінші топ

Екінші топқа -а, -е, -й (бара, келе, сөйлей) формалы және -п, -ып, -іп (қарап, айтып, келіп) формалары көсемшелер жатады; олар екінші үлгі бойынша жіктеледі.

Үшінші топ

Үшінші топқа етістіктің жедел өткен шақ формасы (бар-ды, кел-ді), мен шартты рай формасы (барса, келсе) жатады; бұлар үшінші үлгі бойынша жіктеледі.

Төртінші топ

Төртінші топқа етістіктің бұйрық рай формасы (бар, кел) жатады да, төртінші үлгі бойынша жіктеледі.

Әдебиет

  • А. Ысқақов, "Қазіргі қазақ тілі", 1974 ж.