Жүзбе док

Жүзбе док - 1) кеменің су асты бөлігін байқау және жөндеу үшін жабдықталатын имарат. Құрылымы бойынша жүзбе док жүзбе және құрғақ болып бөлінеді. Құрғақ жүзбе док жағалауда орналасқан, бір жағымен су кеңістігімен жалгасқан, жапқыш батопортпен және қуатты сорғы қондырғысымен жабдықталған су хауызы. Кемені доктан шығару үшін хауызға су жібереді, су деңгейі ашық айдын су деңгейімен теңелген кезде жапқышты ашады. Жүзбе жүзбе док болат немесе қорапты темір бетон понтон, ара қабырғалармен бөлінген бөліктерден тұрады.Оларды суға толтырса жүзбе док суға батырылады және кеме енетін деңгейге дейін төмендейді, суды сорып төгудің арқасында понтон қалқып шығады, өзімен қоса кемені немесе гидротехникалық құрылғыларды, имараттарды бірге көтереді; 2) сорғы станциясы имараты, бас тоған имараты, кеме құрылысы доктарының құрылымы бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізу жүзбе докқа ұқсас болып келеді, айырмашылығы — терендігі мен жабдықтау құнының аздығында; 3) доксу айдыны жапқыштармен жабылатын портты су айдыны. Толысуы күшті порттарда жүк түсіру операциясын жеңілдетеді; 4) спилинг-док — шағын кемелерді котеріп-түсіруге арналған құрылғы.[1]

A.
"Жүзбе док"

Дереккөздер


🔥 Top keywords: Мәңгілік бала бейнеАбай ҚұнанбайұлыТабиғи ресурстарды ұтымды пайдалануШоқан Шыңғысұлы УәлихановТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыҚазақстанБауыржан МомышұлыҚазақстан географиясыҒылыми-техникалық революцияСемей полигоныБасты бетҚазақстанның экологиялық проблемаларыҰлы Жібек жолыБактерияларЭкологиялық жүйеҚазақстанның сыртқы саясатыҚазақстандағы туризмБіріккен Ұлттар ҰйымыЖалпы Ұлттық ӨнімШанхай Ынтымақтастық ҰйымыДүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыруПопуляцияШәкәрім ҚұдайбердіұлыМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміҚожа Ахмет Ясауи кесенесіЖалпы ішкі өнімБесеудің хатыЕкінші дүниежүзілік соғысСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыҚазақстанның географиялық орны мен шекараларыДамушы елдерХалықаралық ұйымдарЫбырай АлтынсаринЭкологиялық проблемаАрнайы:ІздеуБайқоңыр (ғарыш айлағы)Қаныш Имантайұлы СәтбаевВирустарТуризм