Иван Алексеевич Акулов

Иван Алексеевич Акулов (1888 жыл 12 сәуір, Санкт-Петербург1937 жыл 30 қазан) – кеңес партиялық және мемлекет қайраткері, КСРО-дағы бірінші прокурор, Қырғыз(Қазақ) жерін басқаратын Революциялық комитеттің II төрағасы. Қуғынға ұшыраған, қайтыс болғаннан кейін ғана жазасы аяқталған.

Иван Акулов

Еңбек жолы

  • 1905 жылы Санкт-Петербург сауда-өнеркәсіп мектебін бітірген. “Сауда-өнеркәсіп газеті” редакциясында кеңсе қызметкері, кәсіподақ комитетінде жұмыс істеген.
  • 1917 – 1918 жылдары Екатеринбург комитетінің хатшысы. 1918 жылы РК(б)П Орал облыстық комитетінің хатшысы.
  • 1918 – 1919 жылдары Орынбор, Вятск губерния комитетінің және Вятск губерния атқару комитетінің төрағасы.
  • 1920 жылдың қыркүйек - 1921 жылдың қазан аралығында РК(б)П Қырғыз (Қазақ) облыстық бюросының жауапты хатшысы қызметін атқарды.
  • 1921 – 1922 жылдары РК(б)П Қырым революциялық комитеті және облыс комитетінің хатшысы.
  • 1927 – 1929 жылдары Бүкілукраиндық кәсіподақтар кеңесінің төрағасы болды.
  • 1930 – 1931 жылдары КСРО халық комиссарының орынбасары.
  • 1931 – 1932 жылдары КСРО Біріккен мемлекеттік саяси басқарма (ОГПУ) төрағасының бірінші орынасары қызметін атқарды.
  • 1932 – 1933 жылдары Украина КП ОК-нің Донбас бойынша хатшысы қызметін атқарған.
  • 1933 – 1935 жылдары КСРО прокуроры болып жұмыс істеген.
  • 1935 – 1937 жылдары КСРО ОАК хатшысы қызметтерін атқарған.

Репрессия құрбаны болуы

1937 жылы 23 шілдеде тұтқынға алынып, 1937 жылы 30 қазанда контрреволюциялық әскери қастаңдық ұйымдастырды деген айыппен өлім жазасына кесілді. 1954 жылы ақталды.[1]

Дереккөздер

🔥 Top keywords: Мәңгілік бала бейнеАбай ҚұнанбайұлыТабиғи ресурстарды ұтымды пайдалануШоқан Шыңғысұлы УәлихановТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыҚазақстанБауыржан МомышұлыҚазақстан географиясыҒылыми-техникалық революцияСемей полигоныБасты бетҚазақстанның экологиялық проблемаларыҰлы Жібек жолыБактерияларЭкологиялық жүйеҚазақстанның сыртқы саясатыҚазақстандағы туризмБіріккен Ұлттар ҰйымыЖалпы Ұлттық ӨнімШанхай Ынтымақтастық ҰйымыДүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыруПопуляцияШәкәрім ҚұдайбердіұлыМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміҚожа Ахмет Ясауи кесенесіЖалпы ішкі өнімБесеудің хатыЕкінші дүниежүзілік соғысСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыҚазақстанның географиялық орны мен шекараларыДамушы елдерХалықаралық ұйымдарЫбырай АлтынсаринЭкологиялық проблемаАрнайы:ІздеуБайқоңыр (ғарыш айлағы)Қаныш Имантайұлы СәтбаевВирустарТуризм