Карбоксил

Карбоксил (карбоксил тобы) – бір валентті СООН тобы; органикалық қосынды құрамында карбоксилдің ұшырасуы оның карбонды қышқылдарға жататындығын анықтайды [1].

Карбоксил тобы

Карбоксил құрамындағы сутегі атомы металмен алмасқан жағдайда тұздар, спирт радикалдарымен алмасқан жағдайда эфирлер түзіледі, ал қышқылдың екі молекуласынан су молекуласын ажыратып алған жағдайда ангидридтер қалыптасады.

Дереккөздер