Кендіржапырақ

Кендіржапырақ(Datisca) – өзімен аттас тұқымдасқа жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Кавказда, Жерорта теңізі жағалауларында, Балқан түбегінде, Иранда, Үндістанда (Гималайда) тараған 2 түрі белгілі. Қазақстанда Іле Алатауында, Қаратауда, Батыс Тянь-Шаньда кездесетін 1 түрі – кендіртүс Кендіржапырақ (D. сannabina) бар. Оның биіктігі 60 – 100 см. Қандауыр тәрізді жапырақтары ірі (ұзындығы 10 – 20 см), жиегі аратісті тілімденген. Гүлдері – қос үйлі, қызыл түсті, сабақ ұшында шашақтала орналасқан. Аталығы 6 – 13, аталық гүлдері сағақты, аналық гүлдері үшқырлы тостағанша жапырақтардан тұрады. Маусымшілде айларында гүлдеп, шілдетамызда жемістенеді. Жемісі – қауашақ, тұқымы өте ұсақ. Кендіржапырақ – дәрілік, бояулық және талшықты өсімдік. Оның тамырында, жапырағында және гүлшоғырында сары пигмент (датистин) бар, оны жүн және жібекті сары түске бояу үшін қолданады.[1]

Кендіржапырақ
Кендіржапырақ
Кендіржапырақ
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі:Өсімдіктер
Бөлімі:Гүлді өсімдіктер
Табы:Қос жарнақтылар
(unranked)Core eudicots
Сабы:Cucurbitales
Тұқымдасы:Datiscaceae
Тегі:Datisca

Дереккөздер


🔥 Top keywords: Мәңгілік бала бейнеАбай ҚұнанбайұлыТабиғи ресурстарды ұтымды пайдалануШоқан Шыңғысұлы УәлихановТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыҚазақстанБауыржан МомышұлыҚазақстан географиясыҒылыми-техникалық революцияСемей полигоныБасты бетҚазақстанның экологиялық проблемаларыҰлы Жібек жолыБактерияларЭкологиялық жүйеҚазақстанның сыртқы саясатыҚазақстандағы туризмБіріккен Ұлттар ҰйымыЖалпы Ұлттық ӨнімШанхай Ынтымақтастық ҰйымыДүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыруПопуляцияШәкәрім ҚұдайбердіұлыМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміҚожа Ахмет Ясауи кесенесіЖалпы ішкі өнімБесеудің хатыЕкінші дүниежүзілік соғысСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыҚазақстанның географиялық орны мен шекараларыДамушы елдерХалықаралық ұйымдарЫбырай АлтынсаринЭкологиялық проблемаАрнайы:ІздеуБайқоңыр (ғарыш айлағы)Қаныш Имантайұлы СәтбаевВирустарТуризм