Кенере

Кенере – үй қабырғасының шатырмен жанасар жеріндегі біршама шығыңқы үстіңгі шеті. Кенере әуелде қабырғаны шатырдан аққан жаңбыр, қар суынан қорғау үшін жасалған. Қазіргі кезде, негізінен, үй қасбетіне архитектуралық сән беру қызметін атқарады. Қабырғадан 300 мм-дей шығып тұратын кенерені бірінен-бірін сәл асыра қалайды. Бұдан гөрі шығыңқы кенерені бетоннан, керамикалық қуыс блоктардан жасайды. Бұлар зауыттарда алдын ала дайындалатындықтан, құрылыстағы жұмыс жеңілдейді, әрі әдемі етіп жасауға мүмкіндік бар. Өрт қаупінен аулақ болу үшін көп қабатты үйлерге ағаш кенере жасалмайды, ал керамикалық блоктар қымбат, сондықтан көбінесе, кенере темір-бетоннан жасалып жүр. Қшкі кенерені бөлме ішіне көрік берерліктей етіп әк-алебастр сылақпен әрлеп жасайды.[1]

Дереккөздер


🔥 Top keywords: Мәңгілік бала бейнеАбай ҚұнанбайұлыТабиғи ресурстарды ұтымды пайдалануШоқан Шыңғысұлы УәлихановТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыҚазақстанБауыржан МомышұлыҚазақстан географиясыҒылыми-техникалық революцияСемей полигоныБасты бетҚазақстанның экологиялық проблемаларыҰлы Жібек жолыБактерияларЭкологиялық жүйеҚазақстанның сыртқы саясатыҚазақстандағы туризмБіріккен Ұлттар ҰйымыЖалпы Ұлттық ӨнімШанхай Ынтымақтастық ҰйымыДүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыруПопуляцияШәкәрім ҚұдайбердіұлыМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміҚожа Ахмет Ясауи кесенесіЖалпы ішкі өнімБесеудің хатыЕкінші дүниежүзілік соғысСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыҚазақстанның географиялық орны мен шекараларыДамушы елдерХалықаралық ұйымдарЫбырай АлтынсаринЭкологиялық проблемаАрнайы:ІздеуБайқоңыр (ғарыш айлағы)Қаныш Имантайұлы СәтбаевВирустарТуризм