Кеуекті немесе кеулеме денелер

Кеуекті немесе кеулеме денелер (corpus cavernosum; лат. corpus — дене, cavernosum — кеулеме) — құрамында коллаген және эластин талшықтары көп болатын дәнекер ұлпалы құрылым. Кеуекті денелер — несеп-жыныс әзегінде және жыныстык мүшелерде (қаса, қамшы, түкі т.б.) болады. Кеуекті денелерді сыртынан тығыз дәнекерұлпалық ақ қабық қаптап жатады. Одан мүше ішіне қарай таралатын перделіктер (трабекулалар) бір-бірімен торлана байланысып, кеуекті денелерді құрайды. Перделіктердің араларындағы қуыстар, өтістер, сандаулар мен кең қуыстардың ішкі беттері эндотелиймен астарланған. Жүйкелік қозу нәтижесінде аталған құрылымдардың қуыстары қанға толып, кеуекті денелер көлемі жағынан үлкейеді және қатаяды. Кеуекті денелер — жыныстық мүшенің үлкейіп қатайуына (қобуына), несеп-жыныс өзегі қуысының ашылуына ықпалын тигізіп, шәует пен несептің кедергісіз өтуін қамтамасыз етеді.[1]

Дереккөздер


🔥 Top keywords: Мәңгілік бала бейнеАбай ҚұнанбайұлыТабиғи ресурстарды ұтымды пайдалануШоқан Шыңғысұлы УәлихановТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыҚазақстанБауыржан МомышұлыҚазақстан географиясыҒылыми-техникалық революцияСемей полигоныБасты бетҚазақстанның экологиялық проблемаларыҰлы Жібек жолыБактерияларЭкологиялық жүйеҚазақстанның сыртқы саясатыҚазақстандағы туризмБіріккен Ұлттар ҰйымыЖалпы Ұлттық ӨнімШанхай Ынтымақтастық ҰйымыДүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыруПопуляцияШәкәрім ҚұдайбердіұлыМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміҚожа Ахмет Ясауи кесенесіЖалпы ішкі өнімБесеудің хатыЕкінші дүниежүзілік соғысСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыҚазақстанның географиялық орны мен шекараларыДамушы елдерХалықаралық ұйымдарЫбырай АлтынсаринЭкологиялық проблемаАрнайы:ІздеуБайқоңыр (ғарыш айлағы)Қаныш Имантайұлы СәтбаевВирустарТуризм