Ки Сон Ён

Ки Сон Ён (кор. 기성용; 24 қаңтар 1989 жыл, Кванджу, Оңтүстік Корея) - кореялық футболшы. «Сеул» клубының және өз елінің құрама командасының ойыншысы. 2008 жылдан бастап Оңтүстік Кореяның атынан ойнап жүр. Оның атынан 66 матчқа қатысып, 5 гол салды. «Азия жолбарыстары» құрамасында болып, Ки 2010 жылғы әлем чемпионатына, 2011 жылда Азия кубогына және 2008-2012 жылдарда олимпиадалық ойындарына қатысты.

Ки Сон Ён Футбол
Жалпы мағлұмат
Туған күні

24 қаңтар 1989 (1989-01-24) (35 жас)

Туған жері

Кванджу, Оңтүстік Корея

Азаматтығы

 Корея Республикасы

Бойы

187[1]

Салмағы

79[1]

Позиция

орталық жартылай қорғаушы

Клуб жайлы ақпарат
Клуб

Оңтүстік Корея Сеул

Жастар клубы
2001—2006Аустралия Джон Пол Колледж
Клуб карьерасы[* 1]
2006—2009Оңтүстік Корея Сеул64 (7)
2010—2012Шотландия Селтик66 (9)
2012—2018Англия Суонси Сити50 (3)
2013—2014 Англия Сандерленд27 (3)
2018—2020Англия Ньюкасл Юнайтед21 (0)
2020Испания Мальорка1 (0)
2020—Корея Республикасы Сеул0 (0)
Ұлттық құрамы[* 2]
2008—Оңтүстік Корея Оңтүстік Корея66 (5)
Марапаттары мен медальдары
Олимпиада ойындары
ҚолаЛондон 2012футбол
Азия кубогі
ҚолаКатар 2011

Балалық шағы

Ки 1989 жылдың 24 қаңтарында Кванджу қаласында дүниеге келді. Оның әкесі, бұрынғы футболшы, Сон Енды ағылшын тілін жетік менгеріп, футболдың нағыз ойыншысы болсын деген ниетпен Австралияға оқуға жібереді. Ал Ки Брисбенде орналасқан «Джон Пол» атты спорт мектебіне оқуға түседі. Өзінің шеберлігінің арқасында жас футболшы 15 жастағыларға арналған Билл Тернер Кубогын ұту үшін өз командасына үлкен үлесін қосады. 2006 жылы жас ойыншыға футболмен профессионалы түрде айналысуға екі жерден ұсыныс жасалады. Ки өз отанынына қайтып, «Сеул» корейлық клубының ұсынысын қабылдайды.

Карьерасы

Ки Сон Ён Сеул (2007-2009), Селтик(2009-12), Суонси Сити(2012-15), Сандерленд (2013-14) клубтарында ойнайды. Ол 2014 жылы Оңтүстік Кореяның құрама командасына әлем чемпионатына алынды. Үш матчты ойнап, команда ұтылыс алғанға дейін ойнайды.

Жетістікреі

Командалық

«Сеул»

  • Лига кубогы: 2006

«Селтик»

  • Шотландия чемпионы: 2011/12
  • Шотландия кубогы: 2010/11

«Суонси Сити»

  • Лига кубогы: 2012/13

Оңтүстік Корея

  • Азия кубогының финалисі: 2015
  • Азия кубогының қола жүлдегері: 2011
  • Олимпиада ойындарының қола жүлдегері: 2012

Жеке

  • Оңтүстік Корея чемпионатының символикалық құрамы (2): 2008, 2009
  • Азияның үздік жас ойыншысы: 2009

Дереккөздер