Комплементарлық

Комплементарлық — молекулалардың, не олардың бөлшектерінің бір-бірімен сәйкестілігі.[1]

Мұндай сәйкестік олардың арасында екіншілік (Ван-дер-Ваальстық, сутектік, иондық) байланыстардың пайда болуына әкеледі. Атомдар тобының не күш қуатының байланыстары «кілт-құлып» тәрізді сәйкестікте болады. Көпшілік биологиялық комплекстер осы К. арқасында пайда болады. Мысалы: антиген-антидене, фермент — субстрат, ДНҚ — РНҚ т. б. Комплементарлықтың ең белгілі мысалы тізбекті ДНҚ мен РНҚ құрылымы арасындағы байланыс. Мұнда полинуклеотид тізбегі пурин және пиримидин негіздерінің сәйкестігіне (А—Т, Г—Ц) байланысты қос тізбекті молекула құрады. Комплементарлық молекулалық сатыдагы көп биологиялық тәнділіктердің негізін калайды. Мысалы: ферментті катализ, биологиялық құрылымдардың өзінше құралуы, негізгі түзілу, иммунитет механизмдері.[2]

Дереккөздер