Красногор ауданы

Красногор ауданы — 1935-1957, 1973-1988 жылдары болған Қазақ КСР-нің (1936 жылға дейін — Қазақ АКСР) Алматы, Жамбыл облыстарының әкімшілік бірлігі. Орталығы — Отар кенті.

Аудан
Красногор ауданы
Әкімшілігі
Ел

 Қазақ АКСР

Кіреді

Алматы облысы, Жамбыл облысы

Әкімшілік орталығы

Красногорка, Отар

Тарихы мен географиясы
Құрылған уақыты

1935, 1973

Таратылған уақыты

1957, 1988

Тұрғындары
Тұрғыны

29 634 адам (1979)

Тарихы

Красногор ауданы 1935 жылы 9 қаңтарда Алматы облысының құрамында құрылды. 1939 жылы 14 қазанда жаңадан құрылған Жамбыл облысына берілді.[1]

1941 жылы Отар елді мекеніне жұмысшы кенті мәртебесі берілді.

1951 жылдың 1 қаңтарына қарай аудан құрамына Отар жұмысшы кенті және 7 ауылдық кеңес кірді: Ақтерек, Бірік, Ворошилов, Жаманты, Красногор, Красно-Октябрь, Ұмтыл.

1954 жылы Жаманты ауылдық кеңесі Ақтерек ауылдық кеңесіне қосылды.

1956 жылы «Красногор» астық кеңшарының орталығында Аңырақай ауылдық кеңесі құрылды.

1957 жылы 26 қыркүйекте Красногор ауданы таратылып, Қордай ауданына қосылды.[2]

1973 жылы Красногор ауданы екінші мәрте құрылды.

1988 жылы Красногор ауданы таратылып, Қордай ауданының құрамына қайтарылды.[3]

Әкімшілік бөлінісі

1986 жылғы мәлімет бойынша аудан құрамында 6 ауылдық, 3 кенттік кеңес пен 20 елді мекен болған:[4]

Ауылдық кеңесОрталығыЕлді мекендері
Алға ауылдық кеңесіЫрғайты ауылыСарыбастау, Шарбақты, Ырғайты
Гвардейский кенттік кеңесіГвардейский кентіГвардейский
Жаңатұрмыс ауылдық кеңесіЖаңатұрмыс ауылыАлға, Жаңатұрмыс, Көкадыр
Кенен ауылдық кеңесіКенен ауылыБелашово, Кенен
Красногор ауылдық кеңесіКрасногорка ауылыКрасногорка
Қордай кенттік кеңесіҚордай кентіҚордай
Малоархангельск ауылдық кеңесіМалоархангельское ауылыГорноникольское, Малоархангельское
Отар кенттік кеңесіОтар кентіАңырақай, Бел, Қордай, Құлжабасы, Отар, Шыңырау
Сарыбұлақ ауылдық кеңесіҚордай кентіСоғанды

Халқы

19391979[5]
 1416029634

Дереккөздер

🔥 Top keywords: Мәңгілік бала бейнеАбай ҚұнанбайұлыТабиғи ресурстарды ұтымды пайдалануШоқан Шыңғысұлы УәлихановТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыҚазақстанБауыржан МомышұлыҚазақстан географиясыҒылыми-техникалық революцияСемей полигоныБасты бетҚазақстанның экологиялық проблемаларыҰлы Жібек жолыБактерияларЭкологиялық жүйеҚазақстанның сыртқы саясатыҚазақстандағы туризмБіріккен Ұлттар ҰйымыЖалпы Ұлттық ӨнімШанхай Ынтымақтастық ҰйымыДүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыруПопуляцияШәкәрім ҚұдайбердіұлыМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміҚожа Ахмет Ясауи кесенесіЖалпы ішкі өнімБесеудің хатыЕкінші дүниежүзілік соғысСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыҚазақстанның географиялық орны мен шекараларыДамушы елдерХалықаралық ұйымдарЫбырай АлтынсаринЭкологиялық проблемаАрнайы:ІздеуБайқоңыр (ғарыш айлағы)Қаныш Имантайұлы СәтбаевВирустарТуризм