Иван Илларионович Кривенко

(Кривенко, Иван Илларионович бетінен бағытталды)

Иван Илларионович Кривенко (19252001) — танкист, Ұлы Отан соғысына қатысушы, Кеңес Одағының Батыры (1945), Павлодар қаласының құрметті азаматы

Өмірбаяны

Ермак ауданындағы Марковка (қазір Павлодар облысы, Ақсу ауданының ауылдық аймағы) ауылында 1925 жылғы 5 маусым күні дүниеге келген. Соғысқа дейінгі жылдары тракторшы курсын бітіріп, 1939 жылдан бастап Қашыр ауданындағы «Октябрьский» ауылында тракторшы қызметін атқарды. 1942 жылы Максим-Горькийлік (Қашырлық) аудандық военкоматпен майданға шақырылды. 50- гвардиялық танк бригадасы «Т-34» танкінің жүргізуші-механигі (1-ші Беларуссия майданы, 2- гвардиялық танк әскері, 9-гвардиялық танктік корпус).

Ерлігі

1945 жылы тосқауылда отырған танкистерге жау танкистері шабуыл жасады. Бірақ біздің танкистер ерлікпен шабуылды жеңіп шығып, 2 неміс танкілерін жойды.

Соғыстан кейінгі жылдар

1946 жылы старшина Кривенко майданнан оралып, Қашыр ауданындағы «Октябрьский» ауылында тракторист – бригадир қызметін атқарды. 1966 жылдан бастап Павлодар трактор зауытында көлік гаражының бастығы және инженер ретінде қызмет етті. 1995 жылы Мәскеуде өткен мерейтойлық шерудің қатысушысы.

Наградалары мен атақтары

  • Кеңес Одағының батыры (1945)
  • 5 ордені бар
  • Медальдері бар

Еске алу

  • Павлодар қаласындағы көшенің біріне оның аты берілген (1994)
  • Жеңіс алаңында Батыр мүсіні орнатылған (2001)[1].

Ескертпелер

Дереккөздер

  1. Кеңес Одағының Батырлары: Қысқаша өмірбаяндық сөздік / Редакторлық алқаның өкілі И. Н. Шкадов. — М.: Воениздат, 1988. — Т. 2 /Любов — Ящук/. — 863 с. — 100 000 дана — ISBN 5-203-00536-2
  2. Павлодар. Павлодар облысы. Энциклопедия, Павлодар., 2003; Қазақстан, А-А., 1969 (Павлодар ертіс өңірі)
🔥 Top keywords: Мәңгілік бала бейнеАбай ҚұнанбайұлыТабиғи ресурстарды ұтымды пайдалануШоқан Шыңғысұлы УәлихановТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыҚазақстанБауыржан МомышұлыҚазақстан географиясыҒылыми-техникалық революцияСемей полигоныБасты бетҚазақстанның экологиялық проблемаларыҰлы Жібек жолыБактерияларЭкологиялық жүйеҚазақстанның сыртқы саясатыҚазақстандағы туризмБіріккен Ұлттар ҰйымыЖалпы Ұлттық ӨнімШанхай Ынтымақтастық ҰйымыДүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыруПопуляцияШәкәрім ҚұдайбердіұлыМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміҚожа Ахмет Ясауи кесенесіЖалпы ішкі өнімБесеудің хатыЕкінші дүниежүзілік соғысСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыҚазақстанның географиялық орны мен шекараларыДамушы елдерХалықаралық ұйымдарЫбырай АлтынсаринЭкологиялық проблемаАрнайы:ІздеуБайқоңыр (ғарыш айлағы)Қаныш Имантайұлы СәтбаевВирустарТуризм